Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында пара алған мектеп директоры мен мұғалім үш жарым жылға сотталды

Алматы облысы Іле ауданына қарасты сот отырысында пара алған мектеп директоры мен мұғалімге қарсы үкім шықты. Іле аудандық соты Чапаев ауылындағы мектептің экс-директоры мен Жапек батыр ауылының бұрынғы мұғалімін ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі және 366-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

 

Белгілі болғандай, аталған ауылдың мектеп директоры педагогты жұмысқа қабылдау үшін 160 мың теңге  пара алған. Экс-директор  бұл қомақты қаржыны Жапек батыр ауылының өзге мұғалімі арқылы алған. Сот шешімі бойынша, сотталушы қызметкерлер мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

«Сондай-ақ, Іле аудандық соты пара алған мектеп директоры мен мұғалімді 3 жыл 5 айға бас бостандықтарынан айырды. Сотталушылардың  дүние-мүлкі тәркіленбейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», – делінген Алматы облыстық сотының хабарламасында.

Жіберіп алмаңыз:

Не әкеңнің құны бар: Көшедегі жұмысшыларға айқайлап ұрысқан бала елді күлдірді (видео)

Министр тегін берілуі тиіс дәріге мұқтаж науқастарға хабарласып, сатып алғандарын анықтады

Қостанайдағы оқушы өлімі: Полиция ресми пікір білдірді

Талқылау