Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Не әкеңнің құны бар: Көшедегі жұмысшыларға айқайлап ұрысқан бала елді күлдірді (видео)

Желіде көшедегі тәртіпсіздікті айтып, өзінен үлкендерге айқайлай ұрысқан баланың видеосы жарияланды.

Видеодан байқағанымыздай, балақай “жерде жатқан сымдарды неге үзіп тастадыңдар?”, “Бір бағана жетпей ме?” деп айқайлады. Жұмысшы өзінің бір бағана қойып жатқанын айтып ақталды. “Әр жерді неге қаза бересіңдер? Не әкеңнің құны бар?” Біреу өлтірді ме әкеңді?” деп балақай алған бетінен қайтпады.

Бала өзін видеоға түсіріп тұрғанын біліп, оны сөндір деп те айқай салды.

“Қараңғыда қыздар, әйелдер бұл жерлерден өтуге қорқады ғой. Барлық жер қазылған”, – дейді бала.

Желі қолданушылары баланың батылдығына риза болды. Көпшілігі өжеттігін айтып мақтады. Олар баланың айтқаны жөн десіп жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Шенінің жоғарылағанын ащы сумен тойлаған полиция қызметкерлерінің әрекеті елді шошытты (видео)

7 жасар баланың оқиғасынан кейін ОҚО-дағы ауыл тұрғындары балаларын мектепке жіберуге қорқып жүр

Ақтөбенің бас дәрігері халықты хиджама жасамауға шақырды

Талқылау