Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр тегін берілуі тиіс дәріге мұқтаж науқастарға хабарласып, сатып алғандарын анықтады

Бүгінгі  Үкімет отырысында «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының өткен жылдағы қорытындысы жарияланды. Онда ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тегін берілуі тиіс дәрі-дәрмектің 20 пайызы сатылатынды  деген қорытынды жасады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Қазақстан халқын дәр-дәрмекпен қамтамасыз ету шарттарын талқылау кезінде бірқатар жүйелі мәселелердің беті ашылды. Қаңтар-ақпан айларында министрлікке дәрімен қамтамасыз ету бойынша алты жүзден астам өтініш түскен. 2017 жылдың соңында тегін дәрілер алған бірнеше пациенттерге қоңырау шалынып, сауалнамана жүргізілді. Сауалнаманың нәтижесінде науқастардың шамамен 20 пайызы тегін дәрі-дәрмекті алмағаны белгілі болды. Алайда, ақпараттық жүйеде бұл пациенттер тегін дәрілерді алған деп тіркелген. Министрлік қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, елдің барлық өңірлеріндегі медициналық ұйымдарда жоспардан тыс тексеру жүргізуде», – деді министр.

Министр Елбасының тапсырмасына сәйкес 2019 жылы тегін медициналық көмектің жаңа моделі әзірленетін болады дейді. Осыған сәйкес, 2018 жылдың 10  сәуіріне дейін министрлік әкімдіктермен бірге, бөлінген қаражатқа сәйкес 2019  жылда тегін берілетін дәрілердің нақты көлемі мен тізбесін қалыптастыру жұмыстарын жүргізеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық дәрілердің бағасын реттейтін заң жобасы әзірленіп, Парламентке енгізілді. 2017 жылы отандық тауар өндірушілермен ұзақмерзімді шарт жасалған болатын. 25 жаңа шарт отандық тауар өндірушілердің  дәрілік заттарды сатып алу үлесін 48 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Нормативтік-құқықтық базаны кеңейту және сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету барысында 18,2 млрд теңге үнемделді. Бұл қаражат дәрілік заттарды қосымша сатып алуға жіберіледі», – деді Елжан Біртанов.

Сонымен қатар, Елжан Біртанов бүгінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін  жылдық қажеттілігінің 95 пайызы сатып алынды дейді.

Жіберіп алмаңыз:

Қостанайдағы оқушы өлімі: Полиция ресми пікір білдірді

Қызылордалықтар аймақтағы сағат белдеуін өзгертуді өтінді

Шенінің жоғарылағанын ащы сумен тойлаған полиция қызметкерлерінің әрекеті елді шошытты (видео)

ОҚО-дағы жеті жасар бала анасымен бірге Алматыға келеді

Талқылау