Ақтөбеде жас ананың қайтыс болуына дәрігерлер кінәлі болып шықты

Ақтөбе облыстық перзентханада жас ана қайтыс болып, бірнеше дәрігер жазаланды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев ана өлімінің негізгі себебін түсіндірді.

Бұл туралы “Мой город” хабарлады.

Айта кетейік, 28 жастағы әйел бірінші баласын босанып, үшінші күні қайтыс болды. Нәресте жансақтау бөлімінде жатқызылып, жақында туыстарына қайтарылған.

“Әйел қайтыс болғаннан кейін республикалық комиссия құрылды. Тексеру нәтижесінде дәрігерлердің кемшілігі бар екені анықталды”, – деді Әсет Қалиев.

Оның айтуынша, осы оқиғадан кейін бас дәрігер орынбасарының  лауазымы төмендетілген.

“Әйелде спенсис және іріңді инфекция болған. Жүктілік кезінде инфекция көздері болған, дегенмен манипуляциядан өткен. Жас ана ауруханаға түскен кезде жағдайы бірқалыпты болды. Ал босанған соң жағдайы күрт нашарлап кеткен. Босанған кезде жас ананың ағзасы әлсіреп, инфекция күш алып, асқынып кетуі мүмкін.ұл жерде дәрігерлер диагнозды кеш қойып, кеш ота жасады. Кінәсі осы. Егер дер кезінде ота жасалса, жас ананың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік болар еді»,- дейді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Еске сала кетейік, Ақтөбенің перзентханасында 29 қаңтарда жас ана қайтыс болды. Оқиғаға байланысты, комиссия құрылып, мән-жай анықталды.

Тағы оқыңыз:

Ер адам 23 жастағы қызды 80 мың теңгеге сексуалды құлдыққа берген

Өскемендіктер дүкеннен “ертеңгі” күннің сүтін сатып алған

Министр 2 жасар баланың тісін емдеймін деп өлтіріп алған дәрігер туралы айтты

15 жасар оқушының өліміне күдікті деп Қостанай қаласының 44 жастағы тұрғыны тергелуде

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар