Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да 20 жастағы қыз аурухана емделушілерінің құнды заттары мен ақшаларын ұрлап кеткен

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында бірнеше ұрлық әрекеттерін жасап келген 20 жастағы қыз қолға түсті.

b9fcb9e147b9231b0d9f792f98aac20f_XL

Фото: topre.ru

Бұл туралы TVK телеарнасы хабарлайды.

20 жастағы қыз жергілікті амбулаторияда емделушілерге тиесілі заттардың бәрін ұрлап отырған. Тіпті бір емделушінің банк карточкасындағы ақшасын да қолды қылған.

“Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті бірнеше тұрғын хабарласып, құнды заттары мен ақшалары жоғалғанын айтты. Сондай-ақ, 26 жастағы қыз хабарласып, ауылдық амбулоторияда белгісіз адамның 35 мың теңге тұратын телефонын ұрлап кеткенін хабарлады. Сол күні полицияға тағы бір зардап шегуші хабарласып, банк карточкасының ұрланып, одан 57 мың теңгенін алынғанын айтып шағымданды. Аудандық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бірнеше қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1996 жылы туған қызды ұстады. Ол ұрлық әрекеттерін жасағанын мойындады”, – деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Енді ҚР ҚК 188 бабы “Ұрлық” бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысын тексеріп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Бойжеткен достасқысы келген елестен қашқаны үшін өзін кінәлі сезініп жүр

Желіде Қазақстаннан қашып кеткен Рысқалиевтің видеосы пайда болды

Ақмола облысында сұмдық апаттан көз жұмғандар көліктен шыға алмай қиналған

Шымкентте көлігімен адам қаққан жігіт лауазымды туысының атын жамылып қорқытқан

Талқылау