«Өгей жүрек» телехикаясының кезекті бөлімінен кейін жұрт Есентаева туралы ойын өзгертті (фото)

Бейсенбі, 29 Қыркүйек , 2016 14:23

Өткен дүйсенбіден бастап “Esentai production” продюсерлік орталығы мен “567 Creative Laboratory” бірігіп түсірген «Өгей жүрек» телехикаясы көрерменге жол тартқан болатын. Жетімдер мәселесін сөз еткен туындыны кешегі күнге дейін сынаушылар қатары көп болды.

14488258_1307100756009186_5087887248901275648_n

Десе де, Кәмшат Жолдыбаева басты рөлді сомдайтын «Өгей жүрек» телехикаясы көрермен көзайымына айналып үлгерді. Күн сайын аталмыш телехикаяны асыға күтетін көрермендер саны артуда.

Телехикаяның алғашқы бөлімін YouTube желісінде тамашалағандар саны 200 мыңнан асқан. Бұл – сүйікті телехикаясын теледидардан көріп үлгермеген көрермен саны ғана. Бұған дейін жұрт қазақ қызын екі бірдей еркекпен сүйістірген телехикаяны қатал сынға алған еді. Ол туралы әлеуметтік желілерде түрлі посттар жазылып, қызу талқыға салынды. Көпшілік Бибігүлдің (Кәмшат Жолдыбаева) екі бірдей жігітпен сүйіскенін ерсі деп тапты. Есесіне, Есентаеваның еңбегін, Жолдыбаеваның өнерін жоғары бағалаған жандар да көп болды.

14487231_695065437307266_5918232133775654912_n

Аналарынан ерте айырылған Алима мен Ботагөздің бұл бөлімде әкелері жүрек талмасынан қайтыс болады. Ал олармен ешқандай туыстық байланысы жоқ Бибігүл қыздарға қамқорлық танытады. Алайда қыздарға қамқор болу құқығын сот Бибігүлге емес, аналарын өлтірген адамға береді. Себебі ол – қыздардың жалғыз туысы, әкелерінің туған інісі.

Телехикаяның 8-ші бөлімін көрерменнің басым бөлігі көзіне жас алып тамашалаған. Оған Баян Есентаеваның парақшасында қалдырылған мына бір пікірлер дәлел:

«Ешқашан фильм үшін жыламайтынмын. Бірақ мына бөлімді көріп отырғанда бастан-аяқ жылаумен болдым», «Телехикаяны күн сайын асыға күтемін. Ал кеше өксіп жыладым. Алиманың ойнағаны ұнайды, әр баланың ата-анасы болса екен», «Еріксіз жылайсың, жұдырықтай жүрегі бар адамның жыламауы мүмкін емес», «Телехикая біткенше тоқтамай жыладым», «Жыладым, сіздің барлық туындыларыңыз жоғары деңгейде, мағыналары да өмірлік», «Анам өмірде жоқ, өзім анамын, сонда да қатты жыладым», «Жүректен жүрекке жеткізіп, біздің көңілімізді бір жібітесіз».

Айта кетейік, Баян Есентаева Жолдыбаеваны екі жігітпен жақындасқаны үшін сынағандарға өз жауабын берген еді. 

14350475_1747386788832637_136116976_n

 

Жіберіп алмаңыз: 

Есентаева «Қазақстан аруы» байқауының ұйымдастырушыларын айыптады

Әйелін өлімші етіп сабаған Бақытбек Есентаевтың соты Талдықорғанға ауыстырылды

Баян Есентаева Үндістан ауруханасында ауыр хәлде жатқан қазақстандықтарға қолдау білдірді

Баян Есентаева “шымкентше” сәлем салды (фото, видео)

 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар