Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есентаева «Қазақстан аруы» байқауының ұйымдастырушыларын айыптады

Баян Есентаева соңғы 6 жылдан бері «Қазақ аруы» байқауын ұйымдастырып келеді. Бүгін ол «Қазақстан аруы» («Мисс Казахстан») байқауының ұйымдастырушыларын «Қазақ аруы» байқауының бір идеясын ұрлады деп айыптады. Айтуынша, «Қазақстан аруы» байқауында бұған дейін қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы сұрақтар қойылмаған, биыл олар Есентаеваның жобасының бір шартын пайдаланған.

ахатова

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Қазақстан аруы» байқауының аймақтық іріктеулерінде осыған дейін мұндай сұрақтардың қойылғаны есімде емес. Бұл біздің «Қазақ аруы» байқауының негізгі шарты болатын! «Шымкент аруы» байқауының қатысушылары мен ұйымдастырушыларын құттықтаймын! Алайда екі түрлі байқаудың құрылымы мен идеологиясын араластырудың қажеті жоқ еді деп ойлаймын», – деп жазды продюсер желідегі парақшасында.

Кейбір желі қолданушылары Есентаевамен келіспей, оған қарсы шықты.

«Бұрыннан бар», «Сізбен келіспеймін Баян», «Артық кеттің, мына сөзің ұят енді», «Бұрыннан мектеп кезіндегі өткізілетін барлық “Қыз сыны” сияқты сайыстарында міндетті түрде болатын дәстүрлі сұрақтар болатын бұл”, «Қазақ аруында» ғана шыға бастады деп есептеуге болмайтын сияқты», «Тіпті мектептегі байқауларда сұрайды», – дейді олар.

Алайда Есентаеваның еңбегін елеп, жоғары бағалағандар да аз емес.

“Баян Мақсатқызының еңбегін елемеу мүмкін емес”, “Қазақ аруы” жоғары деңгейде өткізіліп келе жатыр”, “Бұл конкурс болмаса көпшілік білмейтін еді қазақтың салттарын”, – деп пікір білдірді оқырмандар.

Айта кетейік, «Қазақ аруы» – қатысушылардан мемлекеттік тіл мен қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін, тарихы мен әдебиетін, әдет-ғұрыптарын білуді талап ететін сұлулық байқауы. «Қазақстан аруы» байқауы алғаш рет елімізде 1997 жылы өткізілсе, «Қазақ аруы» 2011 жылы тұсауын кесті. Десе де, небәрі алты рет ұйымдастырылған сұлулық байқауы көрермендер қолдауына ие болған еді.

Жіберіп алмаңыз: 

Дауыс беру. Қазақ аруы әлде Мисс Қазақстан: бәрінен де кім сұлу?

Атыраулық кәсіпкер Баян Есентаевамен байланысы бар екені туралы ақпаратты жоққа шығарды

Дариға Назарбаева Баян Есентаеваға қолдау білдірді

 

Талқылау