Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Назарбаева Баян Есентаеваға қолдау білдірді

ҚР парламенті сенатының депутаты Дариға Назарбаева танымал тележүргізуші және продюсер Баян Есентаеваны қолдады, деп хабарлайды Қазақпарат.

20160916163111

«Ондай болған оқиға әйелдерге өте ауыр тиеді. Барлық жағынан. Қандай жағынан қарамасаңыздар да, мұндай мәселеде заң әйелдердің жағында. Әйелдерді қолдаймын. Ондай болмау керек. Азаматтардың, жігіттердің әйелдерге қол көтеруі деген, ол енді, сұмдық», – деді ол Сенат отырысынан соң тілшілерге берген сұxбатында.

Естеріңізге сала кетсек, маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге3 сағат бойы отажасалып,күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған.Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.


Жіберіп алмаңыз:

Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия Баян Есентаеваның сөзіне қатысты пікір білдірді

Баян Есентаеваның эксклюзивті сұхбатының жалғасы шықпақ

Бағым Мұхитденова: Баянға тілегендеріңізді Алла өздеріңізге екі еселеп қайтарсын

Баян Есентаева күйеуінің казиноға құмарлығы жайында айтып берді

Баян Есентаева: Күйеуім мені ұрып жатты, мен одан балаларымызды ойлауды сұрадым

 

Талқылау