Әйелін өлімші етіп сабаған Бақытбек Есентаевтың соты Талдықорғанға ауыстырылды

Бейсенбі, 29 Қыркүйек , 2016 11:35

Танымал продюсер Баян Есентаеваны өлтіруге оқталды деп айыпталған күйеуі Бақытбек Есентаевқа қатысты сот бүгін басталмай жатып бітті. Өйткені, істі қарауға қатысатын алқа билер жиналған жоқ деп хабарлады КТК.

image-62

Қаскелеңдегі ауданаралық мамандандырылған сотта қаралып жатқан процесске негізі 17 адам қатысуға ниет білдірген. Бірақ жәбірленуші тарап үш үміткерге қарсылық танытса, тағы екеуі прокурорға ұнамады. Сөйтіп, алқа билер толық жиналмай, іс кейінге қалып отыр.

Тіпті келесі отырыс Талдықорғанда өтетін болып шешілді. 10-шы маусымда шетелден кезекті шығармашылық сапардан оралған Баян Есентаеваны күйеуі әуежайдан күтіп алып, қала сыртында өлімші етіп сабаған болатын. Бақытбек Есентаев 20 жыл отасқан жарына зорлық көрсеткені, өлтіруге оқталғаны үшін айыпталуда.

“Көрсетілген адам саны жиналған жоқ. Заң бойынша іріктеу жасалған соң алқа билер қатарына лайықты 17 адам қалуы тиіс еді. Бірақ бүгін 17 үміткер болды, оның үшеуі жәбірленушілердің, екеуі айыптаушы тараптың көңілінен шықпады”, – деді Бақытбек Есентаевтың адвокаты Бекболат Жексейітов.

Оқи отырыңыздар:

Назарбаев қызылордалық ертегіші қызға кітап сыйлады

ШҚО әкімі қоластындағы қызметкерлердің жұма намазға баруына тыйым салды

Ислам діні адам сыртынан сөз айтуға рұқсат беретін 5 жағдай

Жынысын ауыстырған қазақстандық транссексуал елімізде ерлердің 90%-ы бисексуал деп жұртты шошытты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар