Назарбаев қызылордалық ертекші қызға кітап сыйлады

Бейсенбі, 29 Қыркүйек , 2016 6:54

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қызылордалық оқушы Алтынайға “Еуразия жүрегінде” кітабын сыйға жіберді.

20160929022149

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қиялы жүйрік, ойынан ертегі құрастыратын Алтынай есімді балғын қыз Қызылордада тұрады. Өскенде ақын, жазушы болуды армандайтын Алтынай Берік, 7 жасынан ертегі жазып келеді. Бүгінде оның топтамасында 40-қа жуық ертегі бар. Оның дені жан-жануарлармен байланысты. Мәселен, “Ақ көжек”, “Мөлдір бұлақ”, “Қызыл қораз”, “Түйе”, “Қамқорлық” және т.б.

“Бүгінде түрлі облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы Алтынай, алғашқы жүлдесін “Жас өркен” серіктестігі ұйымдастырған “Үш бәйтерек” жылына арналған бәйгеге қатысып, Алматыдан алып қайтты. Көп балалы отбасында Алтынай екінші бала. №267 мектептің 5-сынып оқушысы оқуда озат”, – дейді әжесі Шолпан Шәріпбайқызы.

Айта кетейік, жуырда Алтынай Елбасын Конституция күнімен құттықтап, хат жолдады. Мемлекет басшысы құттықтауы үшін алғысын білдіріп, сый ретінде “Еуразия жүрегінде” кітабын жіберді. Алтынайдың ертегісін кез келген республикалық балалар журналынан тауып оқуға болады.

Оқи отырыңыз:

ШҚО әкімі қоластындағы қызметкерлердің жұма намазға баруына тыйым салды

Ислам діні адам сыртынан сөз айтуға рұқсат беретін 5 жағдай

Жынысын ауыстырған қазақстандық транссексуал елімізде ерлердің 90%-ы бисексуал деп жұртты шошытты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар