ОҚО облыстық жанармай қауымдастығының төрағасы бензин бағасын 220 теңгеге көтеруді ұсынды

Сейсенбі, 17 Қазан , 2017 12:24

Бензин бағасын көтеру қажет. Облыстық жанар жағармай қауымдастығының төрағасы осындай ұсыныс жасады. Қайыпбек Қамбаровтың айтуынша, құнын қымбаттату арқылы жанар-жағармай тапшылығын жоюға болады. Ал, 30 пайыз импортқа тәуелді Қазақстан Ресейге қарағанда бензинді әлдеқайда төмен бағамен саудалап жатыр екен.

Мәселен, бізде АИ-92 150-155 теңге болса, Ресейдегі литрі 200-220 теңге,-дейді қауымдастық төрағасығы.

Бізде бензин тапшылығы жоқ. Оның үстіне ең төменгі баға Оңтүстік Қазақстан облысында. Жанар-жағармайға жауапты басшылар облыс әкімінің алдында осылай мақтанды, деп хабарлайды tvk арнасы.

Шенділер сұранысқа ие АИ-92 өңірдегі орташа бағасы 151.2 теңге,- дейді. Ал, дизель отыны 146.6 теңге. Өзге облыстарға қарағанда жыл басынан бері сұйық отын бар-жоғы 12-13 теңгеге қымбаттапты. Ал, тапшылық мүлдем байқалмаған.

“«1 қыркүйектен бері АИ-92 бензинінің бағасы 7 пайызға қымбаттаған. Ал, дизель 11 пайызға. Қазіргі кезде облыстың көтерме оперлаторларының қоймасында 10 күнге жететін қор бар»”, – дейді ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейітұлы.

Мамандар бензин тапшылығын болдырмау үшін барын салып жатыр. Олар бірінші кезекте өзге облыстардан келіп тонналап бензин таситындардың жолын кесу керектігін мәлімдеді. Мұны облыс әкіміде мақұлдап отыр. Мәселені ушықтырмау үшін аймақ басшысы тиісті мекемелерге бірқатар тапсырма берді. Әсіресе, жанар-жағармай артқан арнайы техникаларды Оңтүстіктің шекарасынан шығармауды жергілікті полицияның басшысына жүктеді.

«Жергілікті полиция қызметіне тапсырма беремін. Бізден шығатын Тараз жолы бар, Қызылорда жолы бар, Ташкент жолы бар. Сол жерлердің барлығына есеп жүргізіңіздер. Сіз жаңа бензовозбен тасиды,- дедіңіз. Егер сол бензовоздар анықталса жазалаңыздар», – дейді ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев.

Жиын кезінде жанармай жетіспеушілігінің алдын алу үшін бірқатар ұсыныстарда айтылды. Мәселен, облыстық жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаров мырза бағаны көтеру керек,-дейді. Оның ойынша еліміздегі бензин бағасы Ресейдегідей 200-220 теңге болуы керек.

“Біздің республикамыздың жылдық бюджетінде инфляция 6-8 пайыз. Соған байланысты бензиннің бағасыда өседі. Өскенде осы инфляцияға қарап орта есеппен қадағалап отырса. 2-3 теңге кварталында өсіріп отырсақ. Мысалы бізде бензин 90 теңге болғанда, Ресейде 150 теңгенің көлемінде болды. Ал, қазір ол жақта 200-220 теңге. Біз соған жетуіміз керек”, – ОҚО «Жанар-жағармай қауымдастығының» төрағасы Қайыпбек Қамбаров.

Қайыпбек Қамбаров бағаны көтеруді ұсынып жатқанына жүргізушілер наразы. Себебі, біздегі жалақы мөлшері Ресейдегі бағаға тура келмейді.

“«Әрине, қымбат. Айлықтың мөлшері мен бензиннің бағасы тура келмейді. Қарапайы адамға қиын. Көлікпен отбасын асырап жүргендер бар. 220 теңге бұл өте қымбат баға»”, – дейді жүргізуші Розмат Нарымбетов.

“Жиын соңында облыс әкімі халқы ең көп Оңтүстікте көліктіңде саны күн санап артып жатқанын айтты. Сондықтан осы тұрақтылықты сақтап қалу үшін жауаптылар жұмыла күш салу керек”,-дейді.

Тағы да оқыңыз:

Торғай даласы енді көрші елдің полигон алаңына айналады

Назерке Әріпті өлтірді деген күдіктінің анасы оның қыздарға талай рет шабуылдағанын айтты

Қараша айында минус 30 градус аяз болады

Елімізде бензин бағасы әлі өсіп жатыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар