Елімізде бензин бағасы әлі өсіп жатыр

Сейсенбі, 17 Қазан , 2017 11:29

Осындай қатаң шаралардан кейін елімізде жанармай нарығындағы жағдай біршама тұрақталғанымен, өткен аптадағы тапшылық оның бағасының шарықтауына әкеп соқты, деп хабарлайды КТК.

Сұранысқа ие АИ 92 ақыры орташа есеппен алғанда 9-10 теңгеге қымбаттап тынды. Қазір Қазақстан бойынша ең арзан  жанармай Ақтөбеде болса, ең қымбат бензинді теріскейліктер тұтынып отыр. Еліміздің шығысы мен оңтүстігіндегі жағдай да тұрақсыз. Безин бағасы жүргізушілердің көз алдында қымбаттап жатыр.

Ең арзан жанармай еліміздің батысында деуіміз бекер емес. Ақтөбе, Атырау, Ақтау жүргізушілерінің көбі темір тұлпарларына газ құятындықтан, мұнда бензинге сұраныс төмен. Сондықтан да бұл өңірлерде  тапшылық   болмады дейді мамандар. Қазір АИ-92-нің бір литрінің бағасы Ақтөбеде 149 теңге мен 158 теңге аралығында.

“Ақтөбелік жүргізушілер бензиннен тарықпайды. Қазір қорымызда бір айға жетерлік жанармай бар. Әйтсе де бізде көліктердің көбі газды пайдаланады. Сондықтан тапшылық көріп, дүрліккен ешкім болған жоқ”, – дейді жанармай бекеттері желісінің директоры Рашид Дәуіров.

Теріскейде бензин бағасы тұрақсыз. Петропавлда Аи-92-нің бір литрі 157-159 теңгеге жеткен. Ресейлік мұнай зауыттарынан сұйық отын таситындар өз бекеттерінде оның литрін бір теңгеге арзан етіп қойыпты. Октаны жоғары АИ-95 тек талонмен ғана таратылып жатса да, шенеуніктер өңірде жанармай тапшылығы жоқ дейді.

“Бүгінгі күні біздің облысымызда мұнай өнімдерінің тапшылығы жоқ. 15 күндік қоры бар операторларда. Оны тексеріп отырмыз біз. Және де олардың алға жасалған келісім-шарттары бар. Тағы да біздің өңірге келіп түседі. баға жағына келетін болсақ, операторлардың айырмашылығы бір-екі теңге ғана”, – дейді СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы Мұрат Нұрқанов.

Оңтүстікте бензин тапшылығы жоқ. Десе де, баға әлі тұрақталар емес.   Бірнеше күн бұрын ғана 155 теңгеден сатылған сұйық отын қазір 157-158 теңгеге дейін көтерілген. Кей бекеттерде талон болмаса тіпті ала алмайсыз. Ал Созақ, Бәйдібек секілді шалғай аудандарда бензиннің бағасы 160 теңгеге дейін көтеріліпті. Жүргізушілер жанармай құны көтеріле берсе, көліктерін біржола гаражға тығамыз деп отыр.

“Өте қымбат болып жатыр. Мысалы, ең қымбат бензин 158 теңгеден боп жатыр. Енді осыдан тоқтап қалса енді жақсы болар еді. Бірақ одан бетер өсетін болса, білмейміз не істейтінімізді”, – дейді көлік жүргізушісі Николай Путилин.

Еліміздің шығысында да бензин бағасы тұрақталар емес. Кеше ғана жанармай бекеттерінде литрі 152 теңгеден сатылған АИ-92 бүгін жүргізушілердің көз алдында қымбаттап, 158 теңгеге бір-ақ жетті.

“Бүгін кешқұрым 157-158 теңгеге көтеріліп кетті. Бұлай бола беретін болса, ол 200 теңгеге дейін баруы мүмкін”, – дейді көлік жүргізушісі Болат Жүнісбаев.

Сонымен жанармай нарығындағы жағдай жылдағы әдетіне салды. Алдымен жоғалды, артынша аспандаған бағамен қайта пайда болды. Аймақтардағы ахуалға қарасақ, жанармай құнының тұрақталатын түрі жоқ. Әлі де, бір- екі теңгеге болса да, бірте-бірте қымбаттап жатыр. Ал бұдан әрі не боларын ешкім дөп басып айта алар емес.

Тағы да оқыңыз:

Назерке Әріпті өлтірді деген күдіктінің анасы оның қыздарға талай рет шабуылдағанын айтты

Қараша айында минус 30 градус аяз болады

Елімізде ұсақ парамен ұсталғандар қамауға алынбайтын болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар