Назерке Әріпті өлтірді деген күдіктінің анасы оның қыздарға талай рет шабуылдағанын айтты

10 шілде күні жоғалып кетіп, денесі тек үш айдан кейін Алматыдағы Кеңсай зиратынан табылған Назерке Әріпті өлтірді деп ұсталған такси жүргізушісінің анасы 31 арнаға сұхбат берді.


Аты жөнін жасырып, түрін көрсетпеуді сұраған күдіктінің анасы, баласының бұған дейінде қыздарға бірнеше рет шабуыл жасағанын ашық айтып берді.

Назеркенің өлімінен кейін ата-анасының алдына барып, кешірім сұраса да күдіктінің анасы өзін кешіре алар емес. Айтуынша үйдің кенжесі 18 жасынан бастап өзінен-өзі қыздарға шабуыл жасауды әдетке айналдырған. Назеркені өлтірді деп ұсталған азамат осы уақытта дейін 4 рет бейтаныс қыздарды соққыға жықса оның соңғысы өліммен аяқталып,11 жылға сотталған.

Балам соңғы рет сотталғанда судьядан бастап, прокурорға дейін  мәселе оның жүйке жүйесімен байланысты болуы мүмкін екенін мәлімдедім. Бірақ менің жанайқайыма ешкім мән бермеді. Медициналық сараптама қалай жасалғанын білмеймін. Ешкім мәселені терең түсінбеді.

Күдіктінің анасы баласының қоғамқа қауіпті екенін мойындайды. Бұндай қайғылы жағдайды қас жауыма да тілемеймін дейді. Алайда қылмыстың алдын алу үшін, тиісті органдар тиянақты жұмыс істеу керек еді деген ойда.

Осыған дейін фэйзбук қолданушысы Александр Цой өзінің жеке парақшасында Назеркенің қазасына қатысты жазған жазбасында «Енді Назеркенің өлімі бірнеше рет сотталған қылмыскерді уақытынан бұрын босатқандардың ар-ұятында» – деп жазса, қоғам қайреткері Мұрат Әбенов «Назеркенің өліміне парақор судьялар кінәлі» деп өз парақшасында жазба қалдырған еді.

Ал заң ғылымдарының докторы, профессор Орынбасар Тілепбергеннің пікірінше күдіктінің екі рет істі болып, үшінші рет адам өлтіріп сотталып, содан кейін де уақытынан бұрын бостандыққа шығуы заңнын солқылдақтығынан.

“Бұл қылмыстық кодекстің дұрыс еместігі біріншіден. Екіншіден пробациялық соттық бақылаудың әлсіздігі. Үшіншіден қылмыстық әрекетті дұрыс дәрежелеп сараламаудың салдары. Төртіншіден сот медициналық-психиатриялық сараптамалардың дұрыс жүргізілмеуі”,  дейді заңгер Орынбасар Тілепберген.

Заңгердің сөзінше қылмыстық кодекстегі осы олқылықтар түзелмейінше азаматтардың қайта қылмыс жасамайтынына ешкім кепіл бола алмайды.

Тағы да оқыңыз:

Қараша айында минус 30 градус аяз болады

Ақтөбеде футбол жанкүйерлері атыраулық жігітті сабап тастады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар