Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде футбол жанкүйерлері атыраулық жігітті сабап тастады (видео)

Ақтөбеде футбол жанкүйерлері тағы да бұзақылық жасаған. Жергілікті фанаттардың атыраулық жігітті қуалап жүріп сабағанын біреулер таспаға түсіріп алыпты, деп хабарлайды КТК.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен бұл видеода таяқтың астында қалған атыраулық жанкүйер екен. Одан «Ақтөбенің» фанаттары үстіндегі команда белгісі бар футболканы шешіп тастауды талап етіпті. Ақыры көнбеген соң жерге жатқызып алып, тепкінің астына алған. Әйтсе де бұл төбелестен тәртіп сақшылары хабарсыз. Олар жанжал туралы ешқандай арыз түспеді деп отыр.

«Қайрат» пен «Атырау» командаларының кубокқа таласы бұл жолы өз алаңдарында өткен жоқ. Олар Ақтөбеде кездесті. Мұнда «Қайрат» 1 де 0 есебімен жеңді. Ал  жергілікті жанкүйерлер өз ойыншыларымен кездеспесе де «Қайратқа» қыр көрсетті. Алаңға балағат сөз жазылған плакатты дрон ұшқыш аппаратымен жеткізген. Осы екі жағдайға қатысты тәртіп сақшылары тергеу жүргіземіз деп отыр.

Драка болельщиков #Актобе против Атырау

Публикация от Aktobe Zello – Official Page (@aktobe_zello)

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбелік кәсіпкер анасы рактан қайтыс болған балаларға 2-қабатты зәулім үй салып берді (фото)

Қазақстандықтарға телефонының тыңдалымға қойылғандығы жөнінде қашан айтылады

Сирияда өлтірілген бүлікші әйел ұлын бас кесуге 12 жыл бойы үйреткен

Талқылау