Ақтөбелік кәсіпкер анасы рактан қайтыс болған балаларға 2-қабатты зәулім үй салып берді (фото)

Дүйсенбі, 16 Қазан , 2017 12:31

Ақтөбеде бес баланы әжесі бағып отыр. Олар кішкентай тар үйде тұрып келді. Қыста от жағып, суды 2 шақырым жерден тасып ішті.

Балалардың анасы 22 наурыз күні көз жұмған.Ол рак ауруынан ұзақ уақыт ауырыпты, деп жазады “Диапазон”.

Надежда Никуланың балаларға дәрі алып беретін, мектеп киімін сатып алатын, азық-түлік алатын ақшасы жоқ. Сондықтан жағдайын айтып журналистерден көмек сұрайды. Ондаған қайырымды жан бұл отбасыға көмек қолын созды. Оларға азық-түлік, киім алып барды. Газ бен су кіргізу мәселесін де біржақты етті.

Балалардың анасы Валентина көз жұмған соң ақтөбеліктер немересі мен әжесіне қарайлап тұрды. Көктемде кәсіпкердің бірі бұл отбасыға арнап  2 қабатты жаңа үйдің құрылысын бастады. Бүгінде Нажежда әжей қоныс тойын тойлауда.

«Әлі күнге сене алар емеспін. Бәрі ертегі секілді. Бірінші қабатта балалардың, менің бөлмем бар. Су, газ, ванна бәрі бар. Балалар 7 жасынан бастап су тасып келді. Итеғұлов кәсіпкерге алғысымды айтам. Кәсіпкер, Әділ, Болат, Салтанатқа рахмет айтам. Олар үй жиһаздарын алып берді. «Зелло-Хелп» тобындағы Катяға алғыс айтам. Ол маған газ кіргізуге қатысты құжаттарды дайындауға көмектесті. Ақшаны ақтөбеліктер жинап берді. Балалардың енді жуына алатынына сенбей отырмын», – дейді әжесі.

Жаңа үйде әрдайым табыс болсын деген ырыммен баспанаға алдымен әтешті кіргізді. Әжейдің немересі Сергей – 6 жаста. Надя 10 , Леша 11, Эльвира  13, Карина 16 жаста. Олар жаз бойы үйрек асыраған. Оның ақшасына қақпа тұрғызды.

«Валя қайтыс болған соң балаларды жетімдер үйіне өткізетін шығар деп қорықтым. Мен зейнеткермін. 46 мың теңге ғана алам. Балалардың әкесі жоқ. Бірақ бәрі жақсы аяқталды. Өз үйіміз бар. Қала тұрғындары көмектеседі. Көмек қолын созған барлық жанға құдай денсаулық пен бақыт берсін деп тілеймін», – дейді әжей.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысында жертөледе тұратын бес балалы отбасыға имамдар үй салып берді

Қырғызстанның жаңа президенті Қазақстан мен Назарбаевқа деген көзқарасын білдірді

Алматыда түсік тастаған әйел дер кезінде жәрдем бермеді деп дәрігерлерді сотқа берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар