Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Обама «Игра престолов»-тың жаңа бөлімін өзгелерден бірінші болып көрмек

АҚШ президенті Барак Обама ең бірінші болып «Игра престолов» сериалының алтыншы бөлімін көрмек. Сериалдың әлемдік премьерасы 24 сәуірде өтеді.

obama

Сурет: www.ntv.ru 

Сериал продюсерлері Обаманың жаңа эпизодтарды көрсетуін өтінген кезден бастап киноға жауаппен қарай бастағанын мойындады.

Давос Сиворттың рөлін сомдаушы актер Лиам Каннингемнің айтуынша, Барак Обама жаңа серияны өзгелерден бұрын көрмек.

Соңғы бесінші маусым эпизодының режиссеры Дэвид Наттердің айтуынша, оған Обаманың өзі жолығып, Джон Сноудың тағдыры не болады деп сұраған. Мен «Президент мырза, оның сілесі қатады», – дедім. Ол «Жақсы», – деді.

«Игра престолов» – 2011 жылдан бастап жарыққа шыққан америкалық қиял-ғажайып кинокартина. Сериал Америка жазушысы Джордж Мартиннің «Жылан мен мұздың әні» туындысының желісімен түсірілген. Алдағы уақытта сериалдың жетінші және сегізінші бөлімін түсіру жоспарланған.

Америка президенті бұған дейін “Карточный домик” сериалының көрермені екенін мойындаған еді. Ол сериалды да алғашқы көрсетілімі алдымен Обамаға көрсетіледі.

Талқылау