Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының финалында ұтылып қалды

Нұрсұлтан Тұрсынов Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Олимпиада комитеті

87 келіде белдескен Нұрсұлтан Тұрсынов ақтық сынға дейін аптықпай жеткен еді. Жартылай финалда өзбекстандық Рахымжан Ұзақовты айқын басымдықпен ұтқан отандасымыз финалда байырғы қарсыласы, иран балуаны Насер Гасем Ализадамен белдесті. Өкінішке қарай, ирандық балуан екінші рет Нұрсұлтаннан басым түсіп, мықтылығын мойындатты. 6 минут бойы белсенді белдескен иран балуаны 5:0 есебімен жеңіске жетіп, отандасымызды кезекті рет Азия чемпионатының алтынынан қақты.

Айта кетейік, бұған дейін 63 келіде белдескен Ержет Жарылқасынның мансабында алғаш рет Азия чемпионатына қатысып, жеңімпаз атанғанын жазған едік. Сондай-ақ 77 келідегі Магомед Ибрагимов те қол жүлде жеңіп алды. 

Талқылау