Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Айдарбеков: Қайратқа жар болу оңай емес, екі күннің бірінде үйде жоқ

Қайрат Нұртастың әкесі балаларының жеке өміріне араласа бермейтінін айтты. Десе де, алғаш шаңырақ құрған кезде олардың үй болып кетуін қадағалайды екен.

Нұртас Айдарбеков: Қайратқа жар болу оңай емес, екі күннің бірінде үйде жоқ

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Араласқанда міндетті түрде араласамыз. Мүмкіндігінше солардың үй болып кетуіне көп көңіл бөлеміз. Енді біреудің еркелетіп өсірген қыз баласы. Екіншіден, ол сіздің туған ұлыңыздың сүйіп әкелген адамы. Өзіңізден туған балаңыз жақсы көріп тұрса, оны қалай жек көруге болады? Сондай бір ақымақ болмаса… Өзім жайлы айтатын болсам, менің келіндерім Аллаға шүкір, болмаса маған ақылдысы келіп қалды ма?! Қолымыздан келгенше тәрбиелеуге тырыстық”, – дейді Нұртас Айдарбеков.

Айдарбековтің айтуынша, Жұлдыз ата-енесінің қолында 6 жылдан аса тұрған. Тек шаңырақтың екінші атұстары отбасын құрған соң, бөлек кеткен. Оның өзінде өз еркімен емес.

“Жұлдызым мысалы, қолымда 6 жылдан аса тұрды. Бір ауыз “ыңқ” деп дауыс шығарған емес. Өздеріңіз де білесіздер, Қайратқа жар болу да оңай емес. Екі күннің бірінде үйде жоқ. Құдайдан жасырмағанды адамнан жасырмаймын. Соның бәріне шыдап, перзенттерді дүниеге әкеліп…

Келінімді қызымнан да артық ұстадым. Өйткені менде қыз болған жоқ. Екіншіден, Алла берген санасы өте жоғары болып келді. Ешкімнен кем қылған жоқпыз. Бәрі керемет. 6 жылдан кейін барып екінші ұлымды үйлендіргенде айттым. Онда да кетеміз деген жоқ. Қайратқа салсаң, өмір бойы менімен бірге тұра бермекші. Мен: – Кешір, мына балалар өсті. Сендер бөлек шығыңдар, – деп айттым. Қазір екіншісімен тұрып жатырмын. Құдай қаласа, үшіншісі әкеліп жатса, оған да айтамын”, – дейді Қайрат Нұртастың әкесі.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау