Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай кино әлеміндегі бастан кешкен сәтсіздіктерін айтып берді

Актер әрі режиссер Нұртас Адамбай өзінің кино жолында кездескен кейбір сәтсіздіктерін айтып берді. Және қазақстандықтарды ешбір қиындыққа мойымай, күресе білуге шақырды, – деп хабарлайды STAN.KZ 

2001

“Өзіңізге сенсеңіз, бәрі ойдағыдай болады. Осыдан бірнеше жыл бұрын бір фильмге кастинг жарияланып, бағымды сынап көрдім. Бірақ, өте алмадым. Режиссер кино өнерінің мен үшін емес екенін айтты,”- деп жазады Facebook парақшасында.

Осыдан соң ол өзін кәнілап, режиссердың көңілінен шыға аламағаны үшін қатты өкінеді. Дайындығының нашарлығына кейиді. Бірақ, сағы сынған жоқ. Соның арқасында “Наша KZаша”, “KZландия”, “Побег из аула” жобалары жарыққа шықты.

Режиссердың өзді-өзі болып қалыптасуына, жеке туындысын дүниеге әкелуге біраз жылдар мен қомақты қаржы жұмсалған. 2014 жылы шыққан “Келинка Сабинка” фильмі қазақстандық рекордты жаңартқан болатын. Биылғы жылы үлкен үміт артып отырған екі жобаны қолға алып отыр екен.

Сондай-ақ, актер кастингтен өте алмаған сол фильм көрермен назарына ілінбегенін де жасырмады.

Талқылау