Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Қоянбаев «Бизнес по-казахски» фильмінің жалғасын Африкада түсірмек

Актер, продюсер Нұрлан Қоянбаевтың «Бизнес по-казахски» фильмінің екі бөлімі де көпшіліктің көңілінен шыққан еді. Көрерменнің жүрегіне жол тапқан тартымды әрі жеңіл фильм тағы да жалғасын таппақ. Алайда бұл жолғы түсірілімі Африкада өтетін болады, деп жазады Stan.kz.

Нұрлан Қоянбаев «Бизнес по-казахский» фильмінің жалғасын Африкада түсірмек

Фильмнің түсірілім жұмыстарын бастау үшін Нұрлан бірер күн бұрын командасымен Африкаға аттанған еді.

«Киносүйер қауымның тілегі фильмдердің жалғасын күту екен. Ал ендеше «Шешінген, судан тайынбас» дегендей, түсірілім тобы мен актерлерімізді жинақтап, қазақстандық түсірілім тобы алғаш рет алыс Африка құрлығына сапарға шығуға дайынбыз», – деп жазды Қоянбаев сапар алдында Instagram-парақшасында.

Бүгінде олар кениялық әріптестерімен жұмысты бастап кеткен.

КТК арнасына берген сұхбатында Қоянбаев қобалжып тұрғанын жасырмады.

«Не күтеміз? Әрине бұл үлкен, халықаралық жоба. Қобалжып тұрмыз. Африкада біз бірінші рет болайын деп тұрмыз. Менталитеттер арасындағы қақтығыс өте күлкілі болады. Жағдайдың өзі қызық. Локация көп», – дейді Қоянбаев.

Айта кетсек, «Бизнес по-казахски в Африке» фильмі желтоқсан айында көрермендер назарына ұсынылатын болады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау