Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрәлі Әлиев ҚР Альпинизм және спорттық құзға шығу федерациясын басқарады

Қазақстан Республикасы Альпинизм және спорттық құзға шығу федерациясының жаңа президенті мен федерация президиумының жаңа құрамы сайланды.

photo_144644

Алматыда Альпинизм және спорттық құзға шығу федерациясының кезекті конференциясы өтті. Федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, конфедерациясының шешімімен Нұрәлі Әлиев жаңа президент болып сайланды.

сонымен қатар федерация президиумының жаңа құрамы бекітілді: федерация қамқоршылық кеңесінің төрағасы Имашев вице-президент, Валиевбас хатшы, бірінші вице-президент Жүніс, Ысқақова, Беляков пен  Селиванов вице-президенттер болып сайланды.

Конференция барысында федерацияның жаңа құрамы 2017-2020 жалдарға арналған спорттық құзға шығу және альпинизмді дамыту бойынша жоспарды қабылдады. Федерация Қазақстанда тау туризмін дамытуға арналған International Mountain Sports Festival халықаралық фестивалінің аясында жаппай Жастар шыңына шығу шарасын ұйымдастырды.

«Федерация бес жыл бойы жылына 3-4 рет жаппай тау шыңына шығу шарасын өткізеді. Соның арқасында қазақстандықтарды альпинизмге тартуда өсімнің оң серпіні байқалады», – деп атап өтті федерация вице-президенті Артем Скопин.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбеде бала-бақшада 7 жерінен тістеп тастаған қыздың ата-анасы прокуратураға шағымданбақ

Қазақстандықтар Алматыдағы Қытай консулдығы ғимаратында төбелес шығарды (видео)

Шетелге емделуге барған 11 жасар Диана өзге ауруға шалдыққан

Талқылау