Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде бала-бақшада 7 жерінен тістеп тастаған қыздың ата-анасы прокуратураға шағымданбақ

Ақтөбеде 1 жасар Дилназ Әлібектің ата-анасы қызын медициналық тексеруден өткізіп, прокуратураға арыз жазбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170731140536

Балабақшада бүлдіршіннің ата-анасы кешіріп бергенімен, түнгі уақытта қызы мазасызданып, шошып оянатын болған. Сондықтан ата-анасы дәрігелердің қарауынан соң рокуратураға шағымданатынын айтады.

“Балабақшаның меңгерушісі кешірім сұраған соң, кешірім бергенмін. Бірақ қазір қызым ауырып жүр. Кіші дәретке баратынын бұрынғыдай айтпайды. Әлденеден шошып қалған сияқты. Қызымды тістеп алған баланың ата-анасы да кешірім сұрады”, – дейді Дильназдың анасы.

Анасының айтуынша, тәрбиешінің орнында жұмыс істеген маман сол кезде асүйде тамақ пісіріп тұрған, ал бала күтушісі өзге сәбилердің қолын жуып, тазалық бөлмесінде жүрген.

«Баламды 7 жерден тістеген. Құлағынан, бетінен, қолынан тістеп тастаған. Бір жерінен тістесе, «үлгермей қалған» деп айтар едім. Қызым қиналған, содан қорқып қалған. Сол күні балабақшаға бар болғаны 6 бала барды. Алғашында кешірім беріп, кейін қызымның қиналғанын көріп, ойланып қалдым. Әркім өз жазасын алуы керек. Медициналық тексеру қорытындысын алып, прокуратураға арыз түсіремін. Сол кезде жаны қиналған, қызымды жерге жатқызып, тістелеген», – деді Айдана Ақдәулетова.

Балабақша меңгерушісі Шынар Оспанованың жаңа қызметіне келгеніне 5 күн ғана болған.

«Жұмысқа енді кіріскен кезде жайсыз оқиға болды. Мен кішкентай қыздың ата-анасынан кешірім сұрап, баланың ата-анасымен сөйлестім. Балабақшада жиналыс өтті. Тәрбиеші жұмыстан шығарылып, бала күтушісі сөгіс алды. Енді мұндай жағдай қайталанбайды, біз барлық жұмысты қолға аламыз»,- деді жеке балабақша меңгерушісі Шынар Оспанова. Оның айтуынша, кішкентай қыздың бетін тістеп тастаған бала балабақшаға бүгін келмеген, ал Дильназ Әлібекті ата-анасы балабақшадан шығарып алды.

Тағы да оқыңыз:

Әсел Сағатова жанкүйерлерінен жасырын түрде қыз босанып алған (фото)

Жұбайы Майғазиевтің өзіне ессіз ғашық болған күндерін еске алды

Ағайынды бестік: Қарақат Әбілдина туған әпкелерін көрсетті

Талқылау