Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар Алматыдағы Қытай консулдығы ғимаратында төбелес шығарды (видео)

Қытайға виза алу үшін консулдыққа барған қазақстандықтар сол жердегі айғай-шуды видеоға түсіріп алған.

Безымянный

Бұл туралы Айдос Садықов Фейсбукте жариялады.

Оқиға 29 шілде күні таңертең болған. 3 сағаттың ішінде құжат тапсырған 300 адамның тек 15-20-сы ғана виза алған. Осыншама жайбасарлыққа ашуланған қазақстандықтар шу шығарып, нәтижесінде бірнеше адам зардап шеккен.

“Мүгедектер, зейнеткерлер, балалар үшін мүлде жағдай жасалмаған. Балдақпен жүрген бір жігіт тапталып қалмас үшін қоршауды кесіп өтті. Таңғы 8 бен 9 арасында екі төбелес болды”, – депті куәгерлердің бірі.

Оның жазуынша, консулдық өкілдері қоршауды ашқан кезде ішке қарай “жабайы жүгіріс” басталып кеткен.

“Видеоға түсірмек болған әйелдің телефонын тартып алып, бәрін өшіруді талап етті. Іште бір ғана терезе жұмыс істейді, ал оған кіру үшін қасыңдағыларды қағып өтіп, итеріп жіберу керексің”, – дейді Садықов.

Оқи отырыңыз:

Өмірбек Жампозовтың ұлы: әкемді сотта ақтап аламын

Өскемен тұрғыны анасының пәтерінен жасырын казино ашып алған

Шетелге емделуге барған 11 жасар Диана өзге ауруға шалдыққан

Тоқтар Төлешовтің 70 миллион теңге қарызын “Шымкент сыра” зауыты өтейтін болды

Талқылау