Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемен тұрғыны анасының пәтерінен жасырын казино ашып алған

Өскемен қаласының 33 жастағы тұрғыны өз анасының пәтерінен заңсыз казино ашып алған.

увув

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Әйел ұлының не істеп жүргенінен хабарсыз болыпты. Ойынды ұйымдастыру үшін қала тұрғыны қажетті жабдықтардың барлығын орналастырыпты. Ол ойын ұйымдастырғаны үшін банк сомасынан 10 пайыз мөлшерде табыс тауып отырған.

Жасырын казино бір жылдай жұмыс істеген. Ойын мекемесіне мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері жедел сатып алулар жасағаннан кейін казино иесі ұсталған. Бұдан кейін іске қаржы полициясы араласыпты.

Сотта айыпталушы өз кінәсін толық мойындаған. Сот оған 500 АЕК немесе миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеген.

Ойын жабдықтарының көзі жойылып, ойыншылар әкелген ақша мемлекет меншігіне өткізілді. Жедел сатып алуға жұмсалған 90 мың теңгені де айыпталушы өтеп беруі тиіс.

Оқи отырыңыз:

Алматыда тура жол бойында көкпар тартқандар көліктегілердің зәресін ұшырды (видео)

ЯК-12 ұшқышының туысы: Мәйіттер адам танымастай болып жанғанша, адамдар тек видеоға түсіріп тұрды

Қазақстандық нумеролог 7 санының құдіреті туралы айтып берді

Алматыда тура жол бойында көкпар тартқандар көліктегілердің зәресін ұшырды (видео)

Талқылау