Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тура жол бойында көкпар тартқандар көліктегілердің зәресін ұшырды (видео)

Алматыда тура жол бойында көкпар тартқан жас жігіттер көлік қозғалысына қауіп төндірген. Тіпті бір алматылықтың көлігін де зақымдап тастапты.

ddv

Көлік иесі Анастасия Кулакованың айтуынша ол 29 шілде күні Қарғалы ауылы маңында кетіп бара жатқан.

“Кешкі сағат 19:45 кезінде Бірлік көшесінде келе жатқанымда алдымнан атқа мінген 15-20 жігіт шыға келді. Олар бір-бірін итеріп көкпар тартып жүргендіктен қозғалысты тоқтатуға тура келді. Ақыры олардың бірі менің көлігіме соғып, көліктің алдыңғы терезесін, капотын зақымдады”, – дейді Фейсбуктегі жазбасында.

Анастасияның сөзінше, көкпаршылар әрі қарай жарыстарын жалғастырып кетіп қалған. Ол құқық қорғау органына хабарласқанын, бірақ олардың қағаз толтырудан басқа түк бітірмегенін жазыпты. Анастасия сондай-ақ, қазақ халқын ерекше құрметтейтінін, көкпар ойынын жақсы көретінін, бірақ оны көліктер ағылып жатқан жол үстінде жасаудың қауіпке толы екенін айтыпты.

Оқи отырыңыз:

Астаналықтар автобуста тұнжыраған әкім орынбасарын көріп таңғалды

Қарағандылық полицей дүкенге келушіге дөрекілік танытып, оны қуып шыққан (видео)

Полиция жалаңаш күйімен танылған полицейдің есімін атады

Шымкенттік гитарашы Астана автобустарында ерекше шоу жасайды

Талқылау