Шымкенттік гитарашы Астана автобустарында ерекше шоу жасайды

Жексенбі, 30 Шілде , 2017 14:29

Әнші әрі гитарашы Астанада әртүрлі бағыттағы автобустарға мініп алып, беріле ән орындайды екен. Шымкенттен келген музыкант мұны ақша үшін жасамайды.

139-696x392

Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.

Шляпа киген мұртты азамат қазақ және орыс тілдерінде әртүрлі әндер шырқайтын көрінеді. Кейде автобус әртісі жолаушылардың тапсырысы бойынша да ән айтады екен.

Ал жолаушылардың музыкантқа деген көзқарасы сан қилы. Кейбіреулер оны үндеместен тыңдаса, екіншілері қошемет көрсетіп, телефондарына түсіруге асығады.

Астана әкімдігі медиа-орталығының тілшілері автобус салонына кіріп, музыканттың өнерінің кездейсоқ куәсі болып қалды. Өз кеінде журналистер елдің көңілін көтеріп жүрген музыкантқа бірнеше сауал жолдады.

Махамбет есімді азамат әнді нақышына келтіре шырқағанымен, көп сөйлемейтін болып шықты. Өзінің Шымкенттен, ал Астанаға шақыртумен келгенін айтып берді. Кафеде ән айтып, жұмыс істеген ол өзі қалағандай елдің ықыласына бөлене алмаған көрінеді.

Жолаушыларды тасымалдау басқармасындағылар, әншінің ел қатарлы жол ақысын төлеп, өз еркінше «қызмет көрсетіп» жүргенін айтты. Әртіс ақша жинауды көздемейді екен.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағандылық полицей дүкенге келушіге дөрекілік танытып, оны қуып шыққан (видео)

Полиция жалаңаш күйімен танылған полицейдің есімін атады

Дін қызметкері 4 көлік ұрлап, оларды темір-терсек қабылдайтын жерге өткізіп жіберген

Шымкенттіктер Жерге жақын ұшқан белгісіз нысанды көріп таңқалған (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар