Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЯК-12 ұшқышының туысы: Мәйіттер адам танымастай болып жанғанша, адамдар тек видеоға түсіріп тұрды

ЯК-12 ұшағымен апатқа ұшыраған пилоттың туысы Тахир Тақабаев оқиға туралы айтып берді.  Айтуынша, мәйіттер адам танымастай болып жанып кетемін дегенше адамдар оқиғаны видеоға түсіріп тұрған.

d2f0f78bf95f3cd17a681ea8428ccddc-e1501146633992

“КазАвиа әуе компаниясының ЯК-12 ұшағы Жаркент түбінде әуе апатына ұшырап, екі ұшқыш қаза тапты. Апаттың куәгерлері оқиғаны видеоға түсіріп тұрған кезде, мәйіттер адам танымастай болып жанып кетті. Өкінішке қарай, бізде қазір солай. Бірінші кезекте видеоға түсіру. Эксперт мәйіттерді оқиға орынында тани алмайтынын, сүйекті Алматыдағы генетикалық сараптамаға жеткізу керек екенін айтты.

Ұшқыш Халит Ақбердинов – менің туысым (ағамның әйелінің інісі). Оның отбасы қарапайым өмір сүреді. Генетикалық сараптамаға қаржылық жағдайларына байланысты келе алмады. Туыстар әрине қолдан келгенше көмектеседі. Бірақ, бір жағынан билет те жоқ. Оның үстіне сараптаманың уақыты да белгісіз.

Казавиа компаниясы көмек көрсетеміз дегенмен де, әлі нақты ештеңе ұсынбады. Тіпті қаза тапқандардың туыстарын сараптамаға қатыстыру үшін Алматыға алып келген де жоқ.   Біздің авиацияда кәсіподақ бар ма, жоқ па білмеймін. Бірақ, Скат ,BekAir немесе Эйр Астана қаза тапқан пилоттың туыстарына билет бойынша және мәйіттерді жеткізу бойынша көмектесе алар еді. Мұндай қайғы кез-келгеннің басында болуы мүмкін ғой”, – деп жазады ол Фейсбукте.

Кейінірек әуе компаниясы өкілдері хабарласып, мәйіттерді жеткізетінін айтқан. Ал қазақ тапқандар бүгін жер қойынына тапсырылмақ.

Еске сала кетсек, 27 шілдеде Алматы облысы Панфилов ауданы Шолақай ауылында ЯК-12 ұшағы құлап, жанып кеткен. Ұшақтың ішінде болған 2 адам қаза тапты.

Ұшақ авиахимиялық жұмыстарды жүргізіп жүрген. ЯК-12 ұшағы “ҚазАвиа” әуе компаниясына тиесілі.

Оқи отырыңыз:

Астаналықтар автобуста тұнжыраған әкім орынбасарын көріп таңғалды

Қарағандылық полицей дүкенге келушіге дөрекілік танытып, оны қуып шыққан (видео)

Полиция жалаңаш күйімен танылған полицейдің есімін атады

Шымкенттік гитарашы Астана автобустарында ерекше шоу жасайды

Талқылау