Шетелге емделуге барған 11 жасар Диана өзге ауру жұқтырған

Дүйсенбі, 31 Шілде , 2017 12:41

Дертіне дауа іздеп барып, өзге ауруға шалдықты. Шетелге емделуге кеткен 11 жасар Алматы тұрғыны осылай тосын жайтқа тап болды.

20170529190119_82249

Сүйек кемігі ауруына душар болған кішкентай қызға түрік емханасында С вирустық гепатиті жұққан, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Науқастың басына донор табылғанда, оны енді тапқан ауруынан емдеуге тура келіп отыр. Ал, уақыт өтіп жатыр. Өмірі қыл үстінде тұрған қыздың анасымен тілшілеріміз байланысқа шыққан еді.

«Кез-келген уақытта өліп кететінімді ойлап, қорқынышпен өмір сүріп жатырмын. Мен барлығын түсінемін. Өкінішке орай менің өмірімді сақтап қалу үшін көп ақша керек. Ал, ата-анама оны жинау өте қиын. Өтінемін, маған көмек беріңіздерші, мен өмір сүргім келеді. Достарымды, туыстарымды, туған қалам Алматымды қатты сағындым. Елге оралғым келеді»,- деді науқас Диана Долгаева.

Жанын жегідей жеген дерттен Диана соңғы екі жылда есейіп кетті. Аурухананың сұрықсыз қабырғаларына, күнделікті тапсыратын анализдер мен қан құюға әбден еті үйренген. Науқас тіпті ауруға да шыдап бағады. Бірақ, өмірінің қыл үстінде тұрғанын ойласа, кішкентай қыздың жұдырықтай жүрегін мұң шалады. Ол оның өмірін сақтап қалу үшін қомақты қаржы қажеттігін жақсы түсінеді. Бірақ, ата-анасының қыздарын өлімнен арашалауға қауқарсыз болып отыр. Өйткені, ота жасау үшін кемінде 100 мың АҚШ доллары қажет.

«Қызымның бас сүйегі жансыз десек болады. Екі жыл бойы қызым өзгенің қанымен өмірі сүріп жатыр. Әрдайым қан құйып тұрамыз. Осы аралықта 280 адам бізге донор болды. Қазір біздің алтын уақытымыз гепатитті емдеуге кетіп жатыр. Қызым бұл дерттен сауыққасын, ағза ауыстыруға жасауға кірісеміз. Бұл біз үшін өте қиын кезең болмақ»,- деді Диананың анасы Ольга Мурзина.

Қыздары аты жаман ауруға шалдығады деген ой ата-анасының үш ұйықтаса түсіне кірмеген. Диана мектептегі озат оқушылардың бірі болған. Әуелде әлсіздікке шағымданған қаршадай қыздың бірте-бірте денесі көгере бастапты. Педиаторлар бастапқыда науқасқа тұмау деп диагноз қойыпты. Бірақ, анализдер теріс шығып, дәрігерлер қызға аплазиялық анемияның ауыр түріне шалдыққанын айтқан. Еліміздің Денсаулық сақтау Министрлігі емнің 70 пайыз ақысын мойындарына алып, Диана мен анасын Стамбұлға арнайы жолдамамен жіберген. Бірақ, бұл қуаныш көпке созылмады. Науқас барған емхананың жағдайы сын көтермейді екен. Ольганың сөзінше, дәл сол мекемеде емделіп жатқан екі Қазақстандық науқас сауықпастан көз жұмған. Диананыңда денсаулығы күн өткен сайын нашарлап бара жатқан көрінеді.

«Түріктің «Медикал парк» емханасының науқастарға медициналық көмек көрсету деңгейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мамандарын  іс сапарға жіберу жолымен тексердік. Қорытынды бойынша қанағаттанарлық баға берілді. Алайда, сәйкес донордың ұзақ уақыт болмауына орай, бұл науқас түріктің  Абжибадем емханасына ауыстырылды»,- деді “Ұлттық ғылыми медициналық орталығы” АҚ бөлім басшысы, Лаура Рахимова.

Жаңа емхана дәрігерлері расымен де білек сыбана жұмысқа кіріскен. Ондағылар баладан бірден анализ алып С вирустық гепатитін жұқтырғанын анықтаған.¤

«Диана бізге апластикалық анемия сырқатымен түсті. Қазір донор табылып, біз қыздың басын емдеуге дайынбыз. Мұндай отаны біз бірінші рет жасағалы отырғандықтан, толық сараптама алдық. Екінші анализдер қыздың бауыры қатты зақымданғанын көрсетті. Осылайша, қыздың  С вирустық гепатитінің асқынған түрін жұқтырғанын анықтадық»,- деді ACIBADEM ATAKENT емханасының дәрігері (Түркия), Гульюз Озтюрк.

Қыздың еміне көмек беру үшін еліміздің бір де бір қоры қол созбапты. Есесіне, Татарстанның еріктілері Диана үшін ақша жинап бастаған. Бірақ, бұл қаржы қазір науқастың жұқтырған ауруын емдеуге жұмсалып жатыр екен.

«Жүгіріп, секіріп, бұрынғыдай көңілді жүргім келеді. Бірақ олай істей алмаймын. Менің тромбоциттерім төмен және қан кету басталуы мүмкін. Менің құлағым мен мұрынымнан қан кетеді. Бұл тромбоциттердің төмен болуына байланысты. Өтінемін, маған көмек беріңіздерші? Мен өмір сүргім келеді»,- деді Науқас, Диана Долгаева.

Тамыз айының басынан бастап түрік дәрігерлері Диананың ағзасына дозасы жоғары химия егіп, ай ортасында от жасауға кіріспек. Ал, Дианаға көмек бергісі келетін қайырымды жандар болса, ана-анасы қуана қабылдамақ. Өйткені, отадан соң қызды оңалту кезінде де қомақты қаржы қажет болары анық.

Тағы да оқыңыз:

ЯК-12 ұшқышының туысы: Мәйіттер адам танымастай болып жанғанша, адамдар тек видеоға түсіріп тұрды

Қарағандылық полицей дүкенге келушіге дөрекілік танытып, оны қуып шыққан (видео)

Полиция жалаңаш күйімен танылған полицейдің есімін атады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар