Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Николай Басков сахнадан кететінін мәлімдеді

Танымал ресейлік әнші Николай Басков сахнадан кететінін жария етті. Әртіс осылайша құрметті демалысқа қазірден аттанбақ.

“Мен өзімнің 40 жасыма дейін онсыз да көп нәрсе жасадым. Енді өзімнің еңбегімді бағалап, демалсам жаман болмас еді”, – деп жазады әнші Инстаграм парақшасында.

Әншінің тыңдармандары оның бұл жаңалығын қуана қабылдамаған. “Коля, жарты жолда тоқтауға болмайды, сіз керемет әншісіз. Көрермендерді қуантыңыз, кейінірек демаласыз” деп жазады қолданушылар.

Дегенмен оның бастамасын қолдап, жақсылап демалуға кеңес бергендер де табылған. Расында Басков соңғы кездері өзгере бастады. Анығында сырт келебеті. Ол біраз салмақ тастап, шашының түсін де өзгерткен болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Джеки Чанның қызы гомосексуал екенін мойындады

24 сағат бойы телефоннан көз алмаған бойжеткен соқыр болып қалды

Балабақша күзетшісі 4 жасар балаларды тірідей өртеп жіберді

Күйеуі көзіне шөп салған әйелінің үстіне қышқыл құйып, өлтіріп қойды

Талқылау