Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сотымыз сот емес, сотсымақ": Бишімбаевтың адвокаты сотты құрметтемегені үшін сөз естіді (видео)

Бишімбаевқа қатысты сот отырысында оның адвокаты сотқа наразылығын білдірді. Ол судья Айжан Көлбаеваның Бишімбаевқа жауап беруге мүмкіндік бермейтінін айтып, қорғаушыларын назарға ілмейді деп шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото Жоғарғы сот

Сот тыңдалымында Байжановқа тараптардан сауалдар қойылды. Байжанов Бишімбаевтың қараша айынан бері марқұм “Нүкеноваға нашатырды бірге бердік деп айт” деп бопсалап жүргенін алға тартты. Бұған Бишімбаев жауап ретінде Байжановтың қаржылық құжаттармен жұмыс істейтіндіктен, оны бопсалап келгенін айтты. Судья Бишімбаевтың сот ісінен тыс Байжановқа қарсы айтқандарын негізсіз деп бірнеше рет сөзін бөлді. Алайда Бишімбаев өзін ақтауға құқығы барын айтып, сөзін қайта жалғастыруға тырысты. Судья осы тұста қатысушылардан “Байжановқа сұрақ бар ма” деп сұрады. Сол кезде Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов орнынан тұрып сұрақтарын Бишімбаевқа қоя бастады.

Судья: Сұрақ Байжановқа...

Адвокат: Мен Бишімбаевқа әлі сұрағымды аяқтамадым...

Судья: Жауап Байжановтан алынып жатыр, сіз білдірмей Бишімбаевтан жауап алуға қайта оралдыңыз ба? Басқа қатысушыларға Байжановқа сұрақ қоюға мүмкіндік беріңіз…

Адвокат: Мен сіздің әрекетіңізге тағы шағым түсіруге мәжбүрмін. Сіз қорғаушы тарапты жай назарға ілмейсіз. Сотталушыға айтарын айтуға мүмкіндік бермейсіз. Бізге сұрақ қойғызбайсыз. Біз жай ғана бір жақты процесс секілді сезініп отырмыз. Сотымыз сот емес, айып тағуға айналып жатыр. Барлығы тек бір Бишімбаевқа қарсы”, – деді.



Судья бұдан соң адвокатқа бірнеше рет сотты сыйламай, тіл тигізгені үшін ескерту жасап, талқылау бөлмесіне баратынын хабарлады.

Еске салсақ, бұған дейін Бишімбаевтың адвокаты судьяны істен шеттетуді талап еткен еді. Бірақ сот алқасы судьяны ауыстыру туралы өтінішті қанағаттандырмады. 

Талқылау