Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Педиатр: Егер ата-аналар үнді штаммымен ауыратын болса, 80 пайыз жағдайда балаларына жұғады

Ресейлік педиатр, инфекционист Евгений Тимаков балалардың коронавирусты қалай жұқтыратынын және ең қауіпті саналатын үнді штаммының олардың организміне қалай әсер ететінін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik сайтына сілтеме жасап. 

Педиатрдың айтуынша, үнді немесе коронавирустың дельта штаммы өте қауіпті. Вирус дамып, халық арасында көп жұғады және адамнан адамға оңай таралады. 

"Үнді штаммы балаларға коронавирустық инфекцияның алдыңғы нұсқаларына қарағанда әлдеқайда көп және жиі жұғады. Статистика бойынша коронавирустың үнді штаммымен емізілетін нәрестелер қыс мезгіліне қарағанда 26 есе жиі ауырады", – деді Евгений Тимаков.

Оның айтуынша, жаңа типтегі коронавирустық инфекциямен ауыратын отбасыларда, үнді штаммы 80 пайыз жағдайда балаларға жұғады. 

"Сонымен бірге балаларда үнді штаммының мерзімі өткен асқынулары болмады. Ондай статистика жоқ. Балалардан қарағанда ересектерде коронавирустың үнді штаммы ауыр өтеді. Әсіресе жастарда асқынулардың көп жағдайы кездесіп отыр. Реанимацияға ауыр жағдайда көбіне 40 жасқа дейінгі жас азаматтар түседі", ― деп толықтырды Тимаков.

Бұған қоса, денесі әлі жетілмеген12 жасқа дейінгі балаларда вирус органдардың ауыр зақымдалуына әкелетін ауыр жағдайлар туындатпайды.

Талқылау