Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтың сөз сөйлеуі кезінде тілін шығарған студентті “Нұр Отанға” шақыртты

Елбасының сөз сөйлеуі кезінде тілін шығарып, жұрттың сынына іліккен астаналық студент Инна Мальцева түсініктеме беру үшін «Нұр Отанға» шақыртылды.

Безымянный

14(7)

«Мен өзімнің жеңімпаздар форумының тікелей көрсетілімі кезінде тілімді шығарғанымды мойындаймын. Бірақ мен әдейі осылай жасаған жоқпын. Мен ешкімді келемеждейін деген жоқпын. Және бұл әрекетімнің дұрыс емес екендігін мойындаймын. Мен сол сәттегі көңіл-күйімнің әсерінен тілімді шығарған шығармын. Немесе әдетіме салып солай істеген шығармын. Әйтеуір, бұл әрекетімді сөзбен айтып түсіндіре алмаймын. Барлық қазақстандықтардан, елбасымыздан, «Нұр Отан» партиясынан кешірім сұраймын. Істегін ісіме қатты ұяламын», – деп жазады Инна.

Безымянный

«Бұл әрекетімді ұнатпаған адамдар маған түсіністікпен қарайды деп ойлаймын. Мен мұндай шаралар кезіне өзімді дұрыс ұстайтын адаммын. Және ешкімді ұлтына қарап бөліп-жармаймын. Тағы да бәрінен кешірім сұраймын. Мені түсінерсіздер деп үміттенем. Осы келеңсіз жағдайда маған түсіністікпен қарап, қолдаған жандарғы алғысымды білдіремін», – дейді студент қыз Instagram maltsevainn парақшасында.

Бұған дейін Назарбаевтың арқа тұсында тұрып тілін шығарған қыз өз әрекетін түсіндіргенін хабарлаған болатынбыз.

Талқылау