Назарбаев жастарға Uber-ді ойлап табушылардан үлгі алуға кеңес берді

Бейсенбі, 1 Желтоқсан , 2016 15:20

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеке бизнесін ашатын жастарға Билл Гейтс пен Uber-ді ойлап табушылардан үлгі алуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20161201144705

«Билл Гейтстің өз бизнесін гаражда бастағанын білеміз. Бүгінде оның компаниясы трансұлттық компанияға айналды. Uber компаниясын білесіздер. Оның гараждары да, стансалары да, автокөліктері де жоқ. Бірақ сонда да олар тасымалдайды. Телефонмен хабарлассаңыз болды, екі минутта көлігіңіз бар. Барар жеріңе жеттің де жібердің. Біз көліктер сатып аламыз. Статистикаға сүйенсек, олармен күніне төрт сағат қолданамыз. Бірақ қалай алаңдаймыз: ұрлап кетпесе, соғып кетпесе дейміз, жағармай құйып, жөндетеміз. Ал мұнда ештеңенің қажеті жоқ. Осы технологияны енгізгендіктен, автокөлік өндіру азайтылады. Мысалдар көп», – деді президент бүгін Қазақстан жастары форумы барысында.

Елбасы мемлекет тарапынан «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жастардың кәсіпкерлікке бет бұруына мол ықпал жасалынып жатқанын атап өтті. Алғашқы жартыжылдықтың өзінде мемлекет 55 жастың жобасына қолдау көрсетті.

«Біздің мақсатымызға сәйкес, шағын және орта бизнес экономикадағы тауарлардың жартысынан астамын шығаруы тиіс. Сонда мемлекетіміз тұрақтана түседі. Ойлап тапқыштардан біздің қай жеріміз кем? Икемді бизнес экономикалық тербелістерден ең аз зардап шегетін кәсіп түрі», – деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жіберіп алмаңыз:

Дональд Трамп тәуелсіздік жылдары Қазақстанның ғажап жетістіктерге қол жеткізгенін мәлімдеді

Айсұлтан Назарбаев Елбасыдан футбол федерациясы басшысының қызметін сұрамағанын мәлімдеді

Талдықорғанда Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші бой көтерді (фото, видео)

Астана атауын өзгертуді ұсынған депутат көңілге тиерлік сөз айтпауды сұрады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
16.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар