Астана атауын өзгертуді ұсынған депутат көңілге тиерлік сөз айтпауды сұрады

Дүйсенбі, 28 Қараша , 2016 18:36

Парламент мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов Астана атауын өзгерту туралы бастамасы үшін өзін сынаған қазақстандықтарға жауап берді.

sultanov2911

Фото с сайта prokuror.gov.kz

Тілшілер депутаттан желіде айтылып жатқан сын оның көңіліне тие ме деп сұрады.

«Неге көңіліме тимейді, тиеді. Пікірге сын айтуға болады. Бірақ жеке болмысына қатысты айтудың керегі жоқ. Пікірді қолдамауларына болады, бірақ адамның қандай екенін білмей жатып оның жеке басына қатысты айту дегеніміз – саяси мәдениетінің жоқтығынан. Біз бір топ депутат болып декларацияны қабылдауды сұрадық. Деклораияда 25 жылда жеткен жетістігіміз көрсетілген», – деді Сұлтанов «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл: нәтижелер, жетістіктер, келешек көкжиегі» тақырыбындағы xалықаралық конференцияда.

23 қараша күні Қазақстан парламенті палаталарының депутаттары елорда атауын президент есімімен байланыстырып өзгерту ұсынысынталқылаған болатын. Депутаттар ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған декларацияға дауыс берді, оның мәтінін мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов оқыды. Бұл декларацияда елдің бас қаласы Астана атауын өзгерту мәселесі қозғалған. Елорданың атауын “Нұрсұлтан” немесе “Назарбаев” деп ауыстыру ұсынылды. Назарбаев Астана атауын өзгертуге қатысты пікірін айттып, Астана атауын өзгертуден бас тартты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
10 күні 12 сағат кері

Сонда да тіпті ұят жагдай гой дуние жүзінде бұндай оқыс оқига болган емес сұлтанов енді кашып жатыр ма бұл жасалган жетістіке емес жагымпаздыктын шегі

Анонимно
10 күні 18 сағат кері

Расында неге журт осы кез келген нарсеге калай болса солай пикир айтады. Елбасынын енбеги болган сон вашингтон сиякты атауды усынган шыгар.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар