Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші бой көтерді (фото, видео)

Тұңғыш президент күні қарсаңында Талдықорғанда Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші ашылды.

памятникталдыкорган

photo_201455

Фото: Әкімдіктің баспасөз қызметі

Ескерткіш мемлекеттік белгілер аллеясында орнатылған. Авторы – Қазбек Сатыбалдин.

Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне мемлекеттік қайраткерлер, мәслихат депутаттары және өңірдің шығармашыл тұлғалары қатысты.

В Талдыкоргане состоялось открытие статуи Первого Президента Республики Казахстан.

Видео опубликовано ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec_insta)

“Бұл Қазақстан үшін тарихи күн. Бүгін біз қасиетті Жетісу жерінде тұңғыш президентіміз, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған ескерткіш ашып отырмыз. Біз президентіміздің арқасында экономикалық жетістіктерге жетіп, гүлдену мен өркендеу жолына түстік”, – деді облыс әкімі Амандық Баталов.

Оқи отырыңыз:

Астана атауын өзгертуді ұсынған депутат көңілге тиерлік сөз айтпауды сұрады

Назарбаев келесі президент сайлауына өзін қандай жағдайда ұсынатынын айтып берді

Назарбаевқа 25 млрд евро бергісі келген меценат осыншама ақшаны қайдан алғанын айтып берді

Серік Ахметов үкіметке 150 миллион теңге қайтарудан бас тартты

Талқылау