Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевқа 25 млрд евро бергісі келген меценат осыншама ақшаны қайдан алғанын айтып берді

Оңтүстік Қазақстан облысында жергілікті меценат ел экономикасына 25 миллиард евро салуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл ақшаны Байбек Шымырбаев тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында ел президентіне табыстауға ниетті.

меценат2511

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бірақ, ақшаның 5 миллиарды облыс бюджетін толтыруға жұмсалмақ. Бұған дейін ешкімге белгісіз болған миллиардер бұл ойын аймақ әкімі Жансейіт Түймебаевқа айтқан еді.

Ақтас ауылында тұратын 66 жастағы зейнеткер әкіммен сөйлесу кезінде 50 миллиард байлығы бар екенін жасырмай айтқан.

Мұндай жағдайымен Байбек Шымырбаев әлемдегі бай адамдардың тізімінде бірден төртінші орынға көтеріліп, әйгілі мексикалық магнат Карлос Слимнің өзін ығыстырып тастауы мүмкін.

“Әрине бізде экономиканың 30 пайызы көлеңкеде, бірақ сондай үлкен ақшаға ие болу мүмкін емес. Бұл өте ірі көлемдегі ақша. Біздегі топ-50 қатарына кіретін байлардың өзінде ондай ақша жоқ”, – деді Forbes Kazakhstan журналының рейтинг бойынша редакторы Ардақ Букеева.

Байбек Шымырбаевтың сөзіне сенсек, ол “Елбасы курстастары” қорының қаржылық директоры екен. Сол қорға америкалық банктер ақша жіберетін көрінеді. Алайда миллиардер ОҚО әкімі де, Алматы облысы мен қаласының басшысы да бұл ақшаның дұрыс бөлінуіне қатысты кепілдік бере алмайды деген пікірде.

“Олар мұны сыйлық деп ойлайды. Бұл ешқашан сыйлық болмайтын нәрсе. Ақша керек кезде, кепіл де қажет болады. Үкімет кепілінсіз мұндай ақша болмайды”, – дейді Байбек Шымырбаев.

Ол инвестиция салғысы келген жобалар ішінде Қапшағай әуежайының құрылысы, 20 мектеп, 20 аурухана және 10 онкологиялық орталық нысандары бар. Ол сондай-ақ, осыншама аста-төк қаражатқа ие бола тұра, қоғамдық көлікпен жүретінін айтты.

Оқи отырыңыз:

Елімізде бір аптада үсіп қалған 20-дан астам адамның аяқ-қолдары кесілді

Алматы түрмесінде трансгендерді көру үшін қызметкерлер мен қылмыскерлер кезекке тұрды

Мен өлі адамдай күйде болдым: Жібек Мусинова зорлау ісі жайлы ашық айтты

Ақтауда жүздеген тұрғын көз жұмған 6 жасар Викториямен қоштасуға келді

Талқылау