Айсұлтан Назарбаев Елбасыдан футбол федерациясы басшысының қызметін сұрамағанын мәлімдеді

Бейсенбі, 1 Желтоқсан , 2016 10:11

Айсұлтан Назарбаев билікке ұмтылмайтынын және атасы Нұрсұлтан Назарбаевтан Қазақстан футбол федерациясы басшысының қызметін сұрамағанын мәлімдеді.

img.php_2

Қазақстан президентінің немересі Айсұлтан Назарбаев Facebook желісіндегі парақшасында Қазақстан футбол федерациясына қатысты кезекті пост жариялады.

“Иә, мен қазақстандық футболдың жетекшісі емеспін… Әрине, мені Жақсыбековпен сөйлесіп: “Аға, футболды мен алайын рұқсат етіңіз. Сіздің ақылдарыңызға құлап түріп отыруға уәде беремін”, – деп айтуымды күтті. Мұндай жағдайда ҚФФ президенті орнына отыратыныма 99%-ға сенімдімін. Алайда мұндай әңгімені мен туған атаммен де жүргізген жоқпын! Мәселе көкіректікте емес, билікке ұмтылу мен көрсетімді сәттілікте де емес. Мен олар секілді емеспін. Мен үшін абырой мен намыс – басты құндылық”, — деп жазды Айсұлтан Назарбаев.

Бұдан бұрын Айсұлтан футбол федерациясының жұмысын бірнеше рет сынға алған. Атап айтқанда бұрынғы басшысы Ерлан Қожағапанованы. Қазақстан футбол федерациясын басқаруға дайын екенін де мәлімдеген.

2014 жылғы желтоқсаннан бері ҚФФ басқарған Ерлан Қожағапанов 2016 жылғы қазанда қызметтен кетті. Бірнеше күн бұрын, 28 қарашада футбол федерациясының басшысы қызметіне КСРО құрамасы мен “Қайраттың” бұрынғы қорғаушысы Сейілдә Байшақов тағайындалды.

Жіберіп алмаңыз:

Елбасы бейнеленген банкнот 1 желтоқсанда айналымға шығады

Талдықорғанда Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші бой көтерді (фото, видео)

Астана атауын өзгертуді ұсынған депутат көңілге тиерлік сөз айтпауды сұрады

Арыстанбек Мұхамедиұлы Фейсбукте жеке парақшасын ашты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
05.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар