Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев жастарды мұнай саласына қатты қызыға бермеуге шақырды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жастарды болашақта талап етілетін мамандықты таңдауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Назарбаев жастарды мұнай саласына қатты қызыға бермеуге шақырды

Мемлекет басшысы Ақтөбеге жұмыс сапары кезінде дарынды балаларға арналған білім беру орталығында болды және студенттермен «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы туралы әңгімелесті.

«Облыстың жастары мұнай-газ саласында білім алуға ұмтылады. Бүгінде мұнай бағасы салыстырмалы түрде тұрақты, бірақ бірнеше жылдан кейін оның құны төмендеп және өндіріс азаю мүмкін. Сондықтан болашақта сұранысқа ие болатын білімді, мамандықты таңдау керек », – деді Мемлекет басшысы.

Елбасы Ақтөбе қаласындағы энергия тиімділік орталығына барған кезде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде көрсеткен «жасыл» технологияларды пайдалануға ерекше назар аудару керектігін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау