Назарбаев: Түркия мен Ресей арасындағы дағдарыс Қазақстан үшін үлкен қиындыққа айналды

Жексенбі, 7 Ақпан , 2016 9:39

Түркия мен Ресей арасында орын алған даудың Қазақстанға да жайсыз тигенін айтты ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

10962871

Сурет ҚР президентінің ресми сайтынан алынды

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Сенбі күні Нұрсұлтан Назарбаев Түркия премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлымен кездесті. Кездесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың бағыты, саяси диалогтар жайы және мәдени байланыстар талқыланды. Келіссөзде транспорт байланысы, энергетика, туризм және инфрақұрылым мәселелері де тыс қалған жоқ.

Қазақстан президенті Түркияны қоршаған геосаяси жағдайлар да Қазақстанға әсер ететінін жеткізді.

“Бүгінде қиын жағдайдан шығудың жолын іздеуіміз керек. Көптеген шиленістердің шешімі түсініксіз күйде қалып жатыр. Сирия мен Ирактағы жанжал мұсылмандар бірлігінің ыдырап бара жатқанының дәлелі. Батыста орын алған сүнниттер мен шиіттердің дауына ұқсап келе жатыр. Сондай-ақ, Ресей мен Түркия арасындағы келеңсіз оқиғалар да біз үшін қиын. Екі тарап та біздің жақындарымыз әрі серіктестеріміз”, – деді Назарбаев.

“Биыл Қазақстанның тәуелсіз ел болғанына 25 жыл толады. Бірінші күннен бастап біз бауырлас елмен ынтымақтаса өмір сүріп келеміз. Бізді байланыстырушы нәрселер өте көп және саяси тұрғыдан ешқашан қол үзбейміз”, – деп атап өтті президент.

Өз кезегінде Дәуітоғлы Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыс барлық бағытта дамып келе жатқанын айтты.

“Біз транспорт, энергетика және басқа да бағыттарды байланысты күшейтіп жатырмыз. Сауда байланыстары да жақсы жолға қойылуда. Егер Түркия Европаға ашылған есік болса, Қазақстан Түркия үшін Евразия кеңістігіне барар жол іспетті”, – деді премьер-министр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар