Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Обамаға қазақстандық суретшінің туындысын сыйлады

“Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президентіне қазақстандық суретші Кәріпбек Күйіковтің “Жарылыс” атты суретін сыйлады” – деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дәурен Абаев.

11521865

Сурет: ҚР президентінің ресми сайты

“Менің ойымша, аталмыш сыйлықпен Нұрсұлтан Әбішұлы өзекті мәселеге ерекше тәсілмен тағы да назар аударта білді”, — деді баспасөз хатшысы.

Абаев Назарбаевтың 31 наурыз, 1 сәуірде Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысқанын еске салды.

“Сол уақытта кейбір қызықты оқиғалар айтылмай қалды. Сонымен, саммит аясында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Барак Обамаға сыйлық беріп жіберді. Егер естеріңізде болса, 2012 жылы Сеулдегі антиядролық саммитте Барак Обама президент сайлауы қарсаңында Назарбаевтан қазақ тұмарын алды. Бұл жолы Қазақстан президенті одан кем түспейтін символикалық сый жасады. Ол белгілі қазақстандық суретші және халықаралық антиядролық қозғалыс белсендісі, ядролық қаруға қарсы “Атом” (The Atom Project (ENG)) жобасының елшісі Кәріпбек Күйіковтің “Жарылыс” атты суретін сыйлады”, — деп жазды Абаев Ақорданың Facebook-тегі парақшасында.

“Менің ойымша, Нұрсұлтан Әбішұлы бұл  сыйлықпен өзекті мәселеге  ерекше тәсілмен тағы да назар аударта білді”, — деп қосты баспасөз хатшысы.

Талқылау