Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Бізде үйінде отырып алып ешнәрсеге көңілі толмайтын қариялар бар

Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеге барған сапарында қалай қартаю керек екенін айтып кеңес берді.

Мемлекет басшысы Ақтөбеде Энергия тиімділігі орталығына барды. Елбасы орталықтың жұмысымен танысты, деп жазады Ақорда.

“Қарттарды бұрын халықтың қаскүнемдері деп атаған. Үйде отырып алып, ешнәрсеге көңілі толмайды. Әдіме қартая білу керек. Жаман қартаю деген не? Үйінде отрып алып “қартайып барамыз, әйелім жақсы болғанда мен де жақсы болар едім, достарым жақсы болғанда бұдан да жақсы тұрар едім, үкімет кедергі болмағанда, бұдан да әрі…деп кете береді”, -деді Назарбаев.

Елбасы әдемі қартаюдың қандай болатынын атап өтті.

“Аллаға шүкір. Осы жасқа келгеніме тәубә. Балаларымды тәрбиеледім. Өзім де өмір сүрдім. Денім сау. Елім бейбіт, тыныштықта өмір сүрсе екен” деп қартаю керек”, – дейді мемлекет басшысы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау