National Geographic Астана маңындағы Бозоқ қалашығына қызығушылық танытып отыр

Дүйсенбі, 3 Қазан , 2016 12:12

Елорда тұрғыны, блогер Виталий Перов бір жыл бұрын көне Бозоқ қалашығын видеоға түсірген. Бұл видеоматериалды National Geographic Ресей журналы жариялады.

bozok_astana-2

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Көне Бозоқ қаласы Астанадан бес шақырым жерде, Астрахан трассасы бағытында орналасқан. Оның аумағы 30 гектарды құрайды.

Зерттеушілер Астана Бозоқ қаласының орнында бой көтерген деп санайды. Бұл жаңалық Астананың тарихы туралы мәліметтерді өзгертіп жіберді. Өйткені бұрын бұл өңір мал шаруашылығының орталығы деп есептелген.

Қалашық үш алаңнан тұрады. Олардың өлшемдері 35×35 м, оларды шартты түрде «кварталдар» (орамдар) деп атаған. Айналасында ор мен жер үйіндісі бар. Үш алаң орталығынан кірпіш кесенелердің бөлшектері, сонымен қатар адамдар мен жануарлардың қабірлері табылды. Ғалымдардың пайымынша, Бозок Ұлы Жібек жолындағы заставалардың бірі болып, діни функцияны да атқарған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар