Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нанды бір қолмен үзу дұрыс па?

Дастархан басында отырып үлкен кісілердің “Нанды екі қолмен үз” деген сөздерін жиі естіп қалуға болады. Бұл тыйымның астарында не жатыр?

Бұл туралы Ihsan.kz сайтында жазылды.

Нанды бір қолмен үзбеу мәселесіне қатысты риуаят кездестірмедік. Бірақ, “нанды құрметтеңдер” деген Пайғамбарымыздың сахих хадисі бар. Басқа бір риуаятта Алла елшісі: “Нанды құрметтегенді Алла да құрметтейді” дейді.

Қазақ ұлтының да нанға деген құрметі ерекше. Нан қоқымын баспау, жерде жатқан нанды алып жоғарыға қою, нанның үстіне ештеме қоймау сияқты тәлім-тәрбиелер сол құрметтен туындаған дүниелер. Соның ішінде нанды бір қолмен үзбеу тыйымы да «нанға құрмет» түсінігінен бастау алады. Біздің әдет-ғұрыпта себепсіз нанды бір қолмен үзу кесірліктің, нанкөрліктің нышаны ретінде қарастырылады.

Тоқ етерін айтқанда, аталмыш тыйымды әдет-ғұрыпқа сүйенеді десек те, түбі жоғарыда келтірілген хадистер аясына кіргізуге болатындығы анық.


Жіберіп алмаңыз:

Атыраулықтар жанармай стансаларынан бензин таппай жүр

Кейуана: Қарттар үйіне келгелі көзімнен жас, көкірегімнен шер кетпеді

Бекболат Тілеухан қазақша сөйлемейтін депутаттарды тексіздер деп атады

Алматыда мемлекеттік қызметкер пара ретінде ақша мен Iphone алған

Талқылау