Нағыз патриоттарға арналған қазақы әшекей бұйымдар

Дүйсенбі, 28 Наурыз , 2016 12:30

Уақыт өте келе технология дамып, жасы үлкен мен кішісі де интернет мүмкіндіктерін пайдалана алатындай дәрежеге жеттік. Бұрын әлеуметтік желіні қарым-қатынас құралы ретінде пайдалансақ, қазір қосымша табыс  көзіне айналған. Аталған үрдіс әсіресе Instagram желісінде қарқынды дамып жатыр. Бұл желіде нағыз патриоттарға арналған бұйымдар жасап, киім тігетін азаматтар жарнама жасауда.

2

Отандық өнімдердің сапасын арттырып, қолөнер мәдениетінің дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген жандардың өнімдерін назарларыңызға ұсынамыз.

1

Ер жүзігі – 15 000

3

Неке жүзігі – 22 000 теңге

Соңғы кезде алтынға қарағанда, күмістен жасалған неке жүзігіне деген сұраныс артып келеді. Аталған неке жүзіктерін Арыстанбеков  Нұржігіт  Ермекұлы есімді азамат жасайды.

4

Жүзік – 10 000 теңге

5

Жиынтық – 300 000 теңге

6

Алқа – 80 000 теңге

Осы күнде жеке кәсібін дамытып әрі шәкірт тәрбиелеп жүрген Нұрдос Әлияасқаров есімді азамат қазақтың төл мәдениетінің шетелге де танылғанын қалайды. Шетелде бірнеше мәрте көрме ұйымдастырған. Алайда көп жағдайда қаражаттың тапшылығы кедергі жасайтынын айтады.

“Зергерлік бұйымдарды жасап жүргеніме он жылдан асып кетті. Қазағымның мәдениеті ұмытылмай ары қарай да дами түссін деген ниетпен жасап жатырмын. Бұрын аналарымыз бен аруларымыз таққан әшекейді бүгінгі сәнге лайық қайта өңдеп жатырмын десем де болады. Қазақстанды тек мұнай, спорт немесе газ бар деп танымаса екен деймін. Бізде көп адам біле бермейтін ерекше мәдениет түрі бар. Ол, әрине, қолөнер”, – дейді Нұрдос.

Өкінішке орай, бұйымдар өте сапалы металдан әзірленетіндіктен, бағасы да қымбат. Бұйымның әрқайсысын ерекше әрі бір дана етіп жасауға тырысады.

7

Сырға – 15 500 теңге

8

Сақина – 8 000 теңге

9

Бесбілезік – 35 500

“Lovethnic” өнімдерінің өзгелерден ерекшеленетін тұсы бар. Әдетте күміс сырғаларға “Тамғалы” тастарындағы петроглифтер айнытпай салынады. Ұзындығы 5,2 сантиметрге жететін сырғалар аса ауыр емес, барынша ыңғайлы келеді. Бұрын қалыңдық таққан бесбілезікті де ХХІ ғасыр сәніне үйлестіріп жасаған.

10

11

12

Ілияс Мырзахметов есімді азаматтың қолынан шыққан бұйымдар өзгелерінен ерекше. Өйткені зергер тек қазақтың ою өрнегін ғана емес, бұйымға ру аттарын да жазады.

14

Сырға – 1 500 теңге

15

Түйреуіш – 17 000 теңге

16

Сырға – 5 000 теңге

“Мята” студиясы тек авторлық жұмыстарды ұсынады. Әшекей бұйымдар мен аксессуарлар тоқыма жіптен, түрлі-түсті тастан әзірленеді. Талғамға талас жоқ болса да, аталған дүкеннен өзіңізге керектіні таба аласыз.

1

Сырға – 1 000 теңге

 

3

Сырға – 1 000 теңге

47

Сырға – 1 000 теңге

“Лағыл” брендінің иесі Ернар Алмабеков есімді азамат тек авторлық жұмыстарды ұсынады. Мұнымен қатар, әрбір бұйымы қайталанбайды.

“Бір қарындасым Мэрилин Монро мен Одри Хепберн бейнеленген сырғаларды жиі тағатын. Бір күні шыдамай: – Бұлар кімдер? Олардың суреті неге сенің құлағыңда жүр? – дедім. – Сыйлық қой, аға! Бірақ осы сырғаларды таққалы бері Мэрилин мен Одриді жақынырақ тануға тырысып жүрмін. Шығармашылықтары ұнайды, сол себепті жиі тағамын… – деген жауап қатты.
– Маған Меруерт Өтекешованың, Бибігүл Төлегенованың, Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы жақынырақ, – деп едім:
– Бірақ олардың суреті бар сырға жоқ қой? – деп төтесінен айтты.
– Болса, тағар ма едің? – Тағар едім… Бұл әңгімеден кейін біраз жыл өткенде мен Фариза апамның суреті бар сырға жасаймын деп кім ойлаған?, – дейді Ернар Алмабеков.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Боранбаи says:

    Жүзкттерініз керемет жасалған екен Аллах қолынызға қуат берсын қаидан алуға боллад

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар