Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нағыз өнер адамының жары: Достары Асылхан Төлеповтің жұбайын сипаттап берді (видео)

Күні кеше қазақ өнері өкілдерінің басын қосып, дүркіретін той жасаған Асылхан Төлепов ақ құсын қолына қондырған болатын. Осы орайда Stan.kz тілшісі актердың қуанышына ортақтасқан отандық шоу-бизнес өкілдерінен эксклюзивті сұхбат алып, арнайы жүргізген сауалнаманы назарларыңызға ұсынамыз.

Асылхан мен Айсұлудың тойына шақырылған өнерпаздардың тізімінде «Алашұлы» тобының жігіттері де бар. Дүбірлі думанда аталмыш этно-топтың әншілері 3 әнді қатар шырқап, кештің шымылдығын ашып берген.

«Тойдың өзі таза біздің қазақи салт-дәстүрде өткен жоқ. Кішкене еуропалық салт-дәстүрге сай қылып ұйымдастырған. Жастарды кіргізген сәтте классикалық бимен бастады. Тойдың тағы бір мен байқаған ерекшелігі 4 асаба басқарды», – дейді «Алашұлы» тобының әншісі Әзімбек Байлин.

Сонымен қатар, бұл кеште бой көрсеткен мәртебелі меймандардың қатары тек қазақ өнерінің майталмандары және шет елдік спортшыларда алыстан арнайы ат терлетіп келген екен. Бұл жайында Асылханмен кезінде бір топта білім алған актриса Анар Батырхан айтып берді.

«Асылхан кезінде таеквандоға қатысып, біраз жетістікке жеткен болатын. Сондықтан, шет елдік спортшы достары өте көп! Кореядан келген қыз-жігіттер болды. Сонымен қатар, Римнен келіп жатқан жас қыз-жігіттер болды. Бұл тойға жан-жақтан жиналды кеше», – дейді Анар Батырхан.

Асылхан тойға дейін өмірлік жары Айсұлуды достарымен таныстыруға келгенде таңдап, талғаған көрінеді. Мәселен, актер «Асыл» тобының мүшесі Ақеркемен сүйіктісін арнайы барып таныстырған.

«Біз Асылханмен біраз уақыт ағылшын сабағына бірге барып жүрген болатынбыз. Бір күні сабақтан шыққан кезде, Асылхан мені қызымен кездестііріп, өзінің болашақ жарымен сол кезде таныстырған болатын. Айсұлу маған қатты ұнады. Шыны керек нағыз өнер адамына жар болатын адам деп мен ойладым. Өте сабырлы, биязы, тәрбиелі отбасынан шыққан көрініп тұр», – дейді «Асыл» тобының әншісі Ақерке Бүркітбай.

Ал, 4 жыл бойы бір топта оқыған Анар Батырхан әріптесінің сүйіктісі жайлы бірде-бір ақпараттан хабардар емес екенін айтады.

«Шыны керек қызбен таныс емеспін. Кеше тойда бірінші рет көрдім. Менің білуімше олар әкімшілікте танысқан. Ол қыз өнер саласынан емес. Ал, Асылханның анасы кішкене қобалжыды, көзіне жас алып жүрді. Себебі, бірінші тойлары, бірінші келіні ғой, толқып жүрді», – дейді Анар Батырхан.

Естеріңізге сала кетсек, күні кеше Төлеповтер әулеті алғаш рет келін түсіріп, кенже ұлы Асылханның бір басы екеу болған еді. Алайда, тойдың дәл ортасында бұл жанұяның қуанышы еселеніп, ағасы Артур Төлепов те көңіл жарастырып жүрген Мәдина есімді аруға ұсыныс жасаған болатын. 

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Нұржан Керменбаев 10 жылдық концертіне әндерінің сөзін жаттамай келді (видео)

«Меломен» тобы: Жетім-жесірлерді азайту үшін тоқал алуға болады

Әли Оқапов Ақбота Сейітмағамбетпен қарым-қатынасы жайында бар шындықты айтты

“Жігіттер” тобындағы Айдар алғаш рет отбасы жайлы айтты

Мемлекеттік Туды терезеге іліп қойған қызылордалық азаматқа жарты миллион теңге айыппұл салынды

Талқылау