Артур Төлепов інісінің тойында сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео)

Төлеповтер отбасы жақында екінші рет келін түсірмек! Иә, інісіне жол берген Артур Төлепов күні кеше дүйім жұрттың алдында сүйіктісіне жүрегін ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz.

Артурдың таңдаған жары – Қарағандының сұлуы Мәдина. Артур ағайын-туғандарының алдында Мәдинаға деген сезімін білдіріп, оны мәңгі бақытты етуге уәде берді.

“Негізі вертолеттің үстіне шығып алып, жерді өртеп, топырақты өртеп жасауға болатын еді”, – деген Артур туған-туысқандарының алдында Мәдинаға деген сезімін білдіруді жөн көргенін атап өтті.

“Бұл күн мен үшін де, сіздер үшін де тарихи күн. Өсіп өндім, ақыл тоқтаттым. Құрметті қауым, құрметті Мадина. Бүкіл туған-туыстарымның алдында, отбасымның алдында сені бақытты қылуға уәде беремін. Ол үшін не керек? Ол үшін сенің маған тұрмысқа шығуға дайынмын деп, менің сөзімді қабыл алғаның керек”, – деген Артур Мадинаның саусағына жүзігін тақты.

Мұндай тосынсыйды күтпеген Мадина көз жасына ерік беріп, Артурдың ұсынысын қабыл алды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Асылханның тойына Бауыржан Байбектің келгенін жазған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Асылхан Төлепов өзінің той күнінде жетім балаларға дастархан жайды

Мәдина Сәдуақасова күйеуінің қызғанышынан құтылу үшін көмекші жігіттерді жұмыстан шығарған

Баян Мақсатқызының ішімдік ішіп отырған сәті желіні шулатты (видео)

Мейрамбек Бесбаевтың жары әншінің туған күніне ерекше тосынсый жасады (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар