Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мюнхен қаласында ірі атыс болды

Германиядағы Мюнхен қаласының сауда орталықтарының бірінде ірі атыс болды.

0303_2

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Abendzeitung Muenchen басылымының мәліметтеріне қарағанда, оқиға салдарынан кемінде 15 адам қаза тапқан. Оқ атқан адамдар туралы мәліметтер келтірілмеген. Ал Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша, бір адам мерт болып, тағы он адам жараланған.

Мюнхен полициясының мәлімдеуінше, оқ атқан адам әлі де ғимараттың ішінде. Құқық қорғаушылар тұрғындардың бұл ауданнан аулаққа кетуін өтінді. Қалада бірнеше жол бағыты бойынша метро қозғалысы тоқтатылған.

БАҚ куәгерлерге сілтеме жасап, оқ жаудырған адам жалғыз болғанын, оның қашып кеткенін хабарлауда. Оқиға орнына полицейлік арнайы қызмет өкілдері келді.


Жіберіп алмаңыз:

Мюнхендегі оқиғаларға байланысты қазақстандықтардан өтініш түспеген

Мюнхенде адамдарға оқ атқанның кім екені анықталды

Мюнхендегі атыстан кейін 21 адам ауруханаға жеткізілді

Талқылау