Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұғалім сыныпты жинамай қойғаны үшін оқушыны шатырдан итеріп жіберді

Оқиға Пәкістанда болды. 23 мамыр күні екі мұғалім оқушы қызға сыныпты жинауға бұйрық береді. 14 жастағы оқушы Фаджар Нур сыныпты жинаудан бас тартады.

xw_1341113

Осы кезде мұғалімдер қыздың бетінен бірнеше рет ұрып жіберген. Олар үш қабатты ғимараттың шатырын жинауға міндеттейді. Оқушы өзін нашар сезініп тұрғанын да айтқан.

Оқушы қыз екінші ретінде де мұғалімнің айтқанына көнбеген соң олар қызды шатырдан итеріп жібереді.

Қазір зардап шеккен оқушы ауыр жарақат алып, емханада жатыр. Мектеп басшылығы мұны төтенше жағдай деп атады. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүруде.

Талқылау