Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұғалім медициналық университеттегі лекция кезінде тыр жалаңаш шешініп тастады (видео)

Ер адам аудиторияда студенттерінің алдында шешіне бастаған. Педагогикаға жат мұндай әрекеті үшін мұғалім жұмыстан шығарылған.

frfr

Дағыстандағы мемлекеттік медициналық университеттің студенттері ерекше стриптиз-шоудың куәсі болған. Биология ғылымдарының кандидаты, гистология кафедрасының доценті камиль Магомедов күтпеген жерден лекция кезінде шешіне бастаған. Ол тіпті іш киімдерін де шешіп тастапты.

Мұғалімнің мұндай ерсі әрекеті әсіресе, қыздар қауымын қорқытқан. Олар айқайлап аудиториядан қаша бастаған. Алайда педагог қыздардың бұл реакциясына бәз-баяғыша қарап тұра берген. Университет басшылығы мұғалімді сол күні-ақ жұмыстан шығарған.

“Емдеу факультетінде оқитын екінші курс студенттерінің сөзінше, мұғалім тосыннан шешініпті. Сабақ біткен кезде ол университеттен қашып кеткен. Магомедов сірә, жынданған болуы керек”, – деп хабарлады университет әкімшілігі.

Мәлімет бойынша, доцент оқу орнында 10 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан маман және бұрын-соңды мұндай дөрекі қылық байқатпаған.

Рен-ТВ ақпараты бойынша, педагогтан ми рагы табылған. Сол себепті ер адамда шизофренияның бастапқы сатысы басталып кеткен болуы мүмкі. Мұғалімді психиатриялық сараптамаға жіберу жоспарлануда. Әрине, бірінші кезекте оны табу қажет. Ол аудиториядан шығып кеткеннен кейін, Магомедовты ешкім көрмеген.

Оқи отырыңыз:

Компьютердегі жұмысыңызды жеңілдететін пернетақтадағы 7 әдіс

Мейрамбек Беспаев 40 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Семейде анасы Ертіске ағызып жіберді деген сәбиді іздеу жұмыстары тоқтатылды

Тұрғындар отқа оранған Almaty Towers-тен қалай қашып шыққандарын айтып берді

Талқылау