Семейде анасы Ертіске ағызып жіберді деген сәбиді іздеу жұмыстары тоқтатылды

Дүйсенбі, 7 Қараша , 2016 21:57

Семейде анасы Ертіске ағызып жеберді делінген бір жарым жасар қызды іздеу жұмыстары тоқтатылды, -деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

cy

Өйткені сүңгуірлер заң бойынша суға батқан адамды 10 күн ғана іздеуге құқылы екен.

Құтқарушылар іздеу амалдары жүргізілген он күнде 50 шақырымды сүзіп шыққан. Бірақ баланың денесі табылмады. Оның үстіне өзенге тастадым деген анасы тергеу барысында қызды суға нақты қай жерінен жібергенін көрсете алмауы да іздеу жұмыстарын тиімді жүргізуге кедергі болыпты.

Бұл оқиға 24 қазанда болған еді. Отбасылық жанжалдан соң, 24 жастағы Айсұлу Мерембаева бір жарым жастағы қызы Айшаны үйінен алып шығып кетіп, өзенге тастап келдім деп хабарлаған. Туыстары болса, өз баласын өлімге қиды дегенге сенбей, тығып ұстап отыр-ау деген болжам айтады. Қазір бұл іспен полиция айналысуда.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында тұрғындар балабақшадағы былықты жайып салды

Тұрғындар отқа оранған Almaty Towers-тен қалай қашып шыққандарын айтып берді

Қазақ жігіт темекінің зиянын дәлелдеді (видео)

Германияда ең сенімді автокөліктердің тізімі жарияланды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар